Болатбекова Замира Тураровна
Болатбекова Замира Тураровнаның «Болашағы бар аквакультура объектілерін тиімді өсіру мақсатымен тірі қоректерді культивирлеу технологиясы» тақырыбындағы 6D080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің аквакультура зертханасында және «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы-1973» ЖШС балық өсіру шаруашылығында орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
Асылбекова Сауле Жангировна - биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР АШҒА академигі, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директордың орынбасары.
Кулатаев Бейбит Турганбекович - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ҚазҰАЗУ «Зооинженерия» кафедрасының профессоры.
Томаш Полицар - PhD, қауымдаст. профессор, интенсивті аквакультура зертханасының меңгерушісі, Аквакультура және суды қорғау институтының директоры, Оңтүстік Чех университеті, Ческе-Будеевица, Чехия.
Ресми рецензенттер
1. Асылбекова Айнур Серикбаевна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеті, «Аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының қауымд.профессоры, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ;
2. Шарахметов Саят Ермуханбетович – PhD, «Биология және биотехнология» факультеті, «Биоалуантүрлілік және биоресурстар» кафедрасының аға оқытушысы, «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» КеАҚ.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Мамилов Надир Шамилевич – биология ғылымдарының кандидаты, «Биология және биотехнология» факультеті, «Биоалуантүрлілік және биоресурстар» кафедрасының қауымд.профессоры«әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» КеАҚ;
2. Тагаев Данияр Аскарович – философия докторы (PhD), доцент м.а., «Жаратылыстану ғылымдар» факультеті, «Жалпы биология және геномика» кафедраның аға оқытушысы, «Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті» КеАҚ;
3. Акмуханова Нурзия Рахмедиевна – биология ғылымдарының кандидаты, «Биология және биотехнология» факультеті, «Биоалуантүрлілік және биоресурстар» кафедрасының доценті, қауымд.профессор, «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» КеАҚ;
4. Ядренкина Елена Николаевна – биология ғылымдарының докторы, зоомониторинг зертханасының аға ғылыми қызметкері, Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекеме «Жануарлар систематикасы және экология институты» Сібір бөлімшесі (Новосибирск, Ресей Федерациясы).
Қорғау 2023 жылы 22 желтоқсанда, сағат 14.00-де Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D082 Мал шаруашылығы даярлау бағыты (Мамандық: 6D080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы; Білім беру бағдарламасы: 8D08201 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы) бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Бейресми шолуларды электрондық пошта арқылы жіберу керек buralkhiev@bk.ru, сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, авторды және диссертация тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып