KazNARU

Дукеева Аида Каликановна

Дукеева Аида Каликановнаның «Қостанай облысында күнбағыстың өсіру амалдарын зерттеу» тақырыбындағы 8D08100 – «Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша философия (PhD) докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат
Диссертациялық жұмыс «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орысша.
Қорғау форматы  – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

1. Насиев Бейбит Насиевич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ, «Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебінің профессоры (Орал, Қазақстан).
2. Гончаров Сергей Владимирович биология ғылымдарының докторы, профессор, И.Т. Трибулин атындағы Кубань Мемлекеттік аграрлық университеті, «Генетика, селекция және тұқым өндірісі» кафедрасының меңгерушісі (Краснодар, Россия).

Ресми рецензенттер

1. Дидоренко Светлана Владимировна – биология ғылымдарының кандидаты, майлы дақылдар зертханасының меңгерушісі, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС.
2. Жанбырбаев Елдос Алмабекович – PhD доктор, қауымдастырылған профессор, «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының меңгерушісі, «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Бастаубаева Шолпан Оразовна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының        кандидаты, ҚР АШҒА мүше-корреспонденті, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрайымы.
2. Салихов Талгат Кумарович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының        кандидаты, «Экология, өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті Стратегиялық даму бойынша проректор.
3. Стыбаев Гани Жасымбекович - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор, Агрономия факультетінің деканы, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ.
4. Сапаров Ғалымжан Абдуллаевич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Топырақ экологиясы» бөлімінің меңгерушісі, «Ө.Ө. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ» ЖШС.

Қорғау аралас форматта онлайн және офлайн 2024 жылы 19 қаңтар, сағат 14.30-те Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (6D080100 - Агрономия; 6D080900 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандықтары; 8D08101 - Агрономия; 8D08103 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы білім беру бағдарламалары) даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234

 

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек timur.turdiev@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник