Тастемирова Бактыгуль Ельденовна
Тастемирова Бактыгуль Ельденовнаның «Тобыл өзені алабындағы су жинау аймағына шекті-техногендік жүктемені геоэкологиялық негіздеу» тақырыбындағы 6D080500 – «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша философия (PhD) докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат
Диссертациялық жұмыс «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас
Ғылыми кеңесшілер
1. Козыкеева Алия Тобажановна – техника ғылымдарының докторы, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ профессоры
2. Jozef Mosiey – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, Варшава жаратылыстану ғылымдары университетінің профессоры (Варшава, Польша).
Ресми рецензенттер
1. Тлеулесова Анар Имангазиевна – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның Ұлттық су әріптестігі төрағасының орынбасары (Алматы қ., Қазақстан).
2. Даулетбаев Бижан Утенович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының доценті (Шымкент қ., Қазақстан).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Карлыханов Оразхан Карлыханович – техника ғылымдарының докторы, ҚР АШҒА академигі, «Су ресурстарын басқару» бөлімінің бас ғылыми қызметкер, «Қазақ су шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС (қ. Тараз, Қазақстан);
2. Шеров Анвар Ғуломович - техника ғылымдарының докторы, «Гидромелиорациялық жүйелерді пайдалану» кафедрасының доценті, Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты. (қ.Ташкент, Өзбекстан);
3. Ботантаева Бибигул Сарыбаевна – техника ғылымдарының кандидаты, «Инженерлік жүйелер мен желілер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Сәтбаев университеті;
4. Нарбаева Каракоз Турсунбековна – PhD, «Метеорология және гидрология» кафедрасының аға оқытушысы, «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ.
Қорғау аралас форматта онлайн және офлайн 2024 жылы 25 қаңтарда, сағат 14.00-де Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D086 Су ресурстары және суды пайдалану (6D080500 – Су ресурстары және суды пайдалану мамандығы; 8D08603 – IT-технологияларын пайдалана отырып, су ресурстарын басқару білім беру бағдарламасы) даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек yermekkul.zhaparkulova@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.