KazNARU

Пошанов Максат Нурбаевич

Пошанов Максат Нурбаевичтің «Жүгерінің өнімділігіне биопрепараттарды қолдану мен топырақтардың тұздану деңгейлерінің әсері  (Шәуілдір суармалы алқабы мысалында)»  тақырыбындағы 6D080100 – «Агрономия» мамандығы бойынша философия (PhD) докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат
Диссертациялық жұмыс Түркістан облысы «Марғұлан» ШҚ, «Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы  – аралас. 

Ғылыми кеңесшілер

1. Кененбаев Серік Барменбекұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
2. Малгожата Суска-Малавска – профессор, Ботаника институтының директоры, Варшава университеті (Польша, Варшава).

Ресми рецензенттер

1. Стыбаев Гани Жасымбекович - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор, Агрономия факультеті, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ.
2. Тагаев Асанбай Мамадалиевич - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, трансферт және технологияны бейімдеу бөлімінің меңгерушісі, «Мақта және бақша шаруашылығы» ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Насиев Бейбит Насиевич – «Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебі профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының  докторы, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ.
2. Байтеленова Алия Аскеровна – ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық  зерттеу университеті» КеАҚ.
3. Жарлыгасов Женис Бахытбекович – Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Агрономия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Зерттеулер, инновация және цифрландыру жөніндегі проректор, «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ.
4. Таутенов Ибадулла Айгалиұлы – ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, «Аграрлық технологиялар» кафедрасы, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ.

Қорғау аралас форматта онлайн және офлайн 2024 жылы 22 ақпанда, сағат 14.30-де Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (6D080100 - Агрономия; 6D080900 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандықтары; 8D08101 - Агрономия; 8D08103 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы білім беру бағдарламалары) даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек kenzhe.yerzhanova@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник