Ракецкий Виталий Анатольевич
Ракецкий Виталий Анатольевичтің «Қостанай облысында сүтті мал шаруашылығына инновациялық технологияларды енгізу арқылы табындарды көбейту жүйесінің тиімділігін арттыру» тақырыбындағы 6D120100 - «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат
Диссертациялық жұмыс Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ветеринариялық медицина кафедрасында, «Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы «Асыл түлік» АҚ (Астана қ.), РФ Киров қаласындағы Вятка мемлекеттік ауылшаруашылығы академиясының «хирургия, акушерлік және жұқпалы аурулар» кафедрасында және «Дороничи» жабық акционерлік қоғамында орындалды.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орысша.
Ғылыми кеңесшілер
1. Наметов Аскар Мырзахметович – «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректор, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор;
2. Созинов Василия Аркадьевич – ветеринария ғылымдарының докторы, РФ Вятка мемлекеттік ауылшаруашылығы академиясының «хирургия, акушерлік және жұқпалы аурулар» кафедрасының профессоры.
Ресми рецензенттер
Джуланов Мардан Нұрмұхамбетұлы – ветеринария ғылымдарының докторы, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ «Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасының профессоры;
Абдрахманов Талгат Жунусович - ветеринария ғылымдарының докторы, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, «Ветеринариялық медицина» кафедрасының профессоры.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
- Джакупов Исатай Тусупович – ветеринария ғылымдарының докторы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті КеАҚ, «Ветеринариялық медицина» кафедрасының профессоры;
- Усенбеков Есенгали Серикович - биология ғылымдарының кандидаты, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ «Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасының профессоры;
- Койбагаров Канат Уканович - ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ «Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасының профессоры;
- Алимбекова Меруерт Ерболатовна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ «Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасының профессоры.
Қорғау 2024 жылғы 24 сәуірде сағат 16:00-де Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария даярлау бағыты (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина; 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек dinara.sarybayeva@kaznaru.edu.kz Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек
2024 жылғы 19 наурыздағы №116-нқ бұйрықтың 1-тармағы бойынша Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері тағайындалған кеңес мүшелері Усенбеков Е.С. пен Алимбекова М.Е. іс-сапарда болып, онлайн режимде диссертациялық кеңестің отырысына қосыла алмайтындықтан, КеАҚ «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» Ветеринариялық медицина кафедрасының аға оқытушысы, Кемешов Жомарт Омирбековичке және ҚеАҚ «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» «Ветеринария» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Муратбаев Даулетбек Манарбековичке құрам 17 сәуірдегі №166-нқ бұйрыққа өзгерту енгізу бұйрығымен өзгертілді.