KazNARU

Нұрдан Динаш

Нұрдан Динаш «Дәстүрлі емес ұнды шикізаттан жасалған макарон өндірісі технологиясының нормативтік қамтамасыздануы» тақырыбындағы 8D07501 – «Стандарттау және сертификаттау» (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша философия (PhD) докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ базасында, атап айтқанда Қазақстан-Жапон ғылыми-зерттеу Орталығының, Азық-түлік және қайта өңдеу технологиялары Халықаралық ғылыми орталығының ғылыми-зерттеу зертханаларының жағдайында жүргізілді. Кейбір зертханалық зерттеулер Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының ғылыми зертханаларында жүргізілді.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

Оспанов Абдыманап Абубакирович - техника ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры.
Остриков Александр Николаевич – техника ғылымдарының докторы, Воронеж мемлекеттік Инженерлік технологиялар университетінің (Ресей Федерациясы, Воронеж қ.) «Майлар, процестер және химиялық және тағамдық өндіріс аппараттары технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, профессор.

 

Ресми рецензенттер

Тулекбаева Айжамал Конисбаевна – т.ғ.к., доцент, «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының меңгерушісі, «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» АҚ;
Искакова Галия Куандыковна – т.ғ.д., Тағам технологиялары факультетінің «Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының профессоры, «Алматы технологиялық университеті» АҚ.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Изтаев Ауелбек – т.ғ.д., Тағам технологиялары факультетінің «Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА академигі, «Алматы технологиялық университеті» АҚ;
2. Жумалиева Гулжан Ералиевна т.ғ.к., жоба жетекшісі, «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ» ЖШС;
3. Байхожаева Бахыткуль Узаковнат.ғ.д., профессор «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының меңгерушісі, «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» КеАҚ;
4. Hülya GÜL – «GIDA MÜHENDİSLİĞİ» кафедрасының профессоры, «SÜLEYMAN DEMİREL университеті».

Қорғау аралас форматта онлайн және офлайн 2024 жылғы 10 мамырда сағат 15:00 -де Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінде құрылған 8D075 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) (6D073200 – Стандарттау және сертификаттау мамандығы; 8D07501 – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы) бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234



Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек zhulduz.suleimenova@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник