Тургумбеков Асет Абдымаратович
Тургумбеков Асет Абдымаратовичтің «Доминантты фолликулдің өсу динамикасын зерттеу және ERα генінің локусы бойынша генотиптеу негізінде сиырлардың репродуктивтік қызметін арттыру» тақырыбындағы 6D120100 - «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат
Диссертациялық жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Акушерлік, хирургия және көбею биотехнологиясы» кафедрасының зертханасында, Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының «Жасыл биотехнология және торшалық инженерия» зертханасында және Алматы облысы Талғар ауданы "Байсерке-Агро" ЖШС асыл тұқымды шаруашылығы жағдайында орындалды.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
Койбағаров Канат Уканович – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасының профессоры «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ;
Усенбеков Есенгали Серикович - биология ғылымдарының кандидаты, «Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасының профессоры «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ;
Przemyslaw Sobiech – ветеринария ғылымдарының докторы, Вармин-Мазур университетінің профессоры (Польша, Ольштын).
Ресми рецензенттер
Токаев Зейнолла Калымбекович – в.ғ.д., «Ветеринария» кафедрасының профессоры «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ;
Кемешов Жомарт Омирбекович – в.ғ.к., «Ветеринариялық медицина» кафедрасының аға оқытушысы «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Джакупов Исатай Тусупович – в.ғ.д., «Ветеринариялық медицина» кафедрасының профессоры «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ;
2. Малмаков Нурлан Ыкласович – а.ш.ғ.д., Ет бағытындағы қой шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институты» ЖШС;
3. Чужебаева Гульжаган Джамбуловна – в.ғ.к., профессор, «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ;
4. Муратбаев Даулетбек Манарбекович – PhD, «Ветеринария» кафедрасының аға оқытушысы, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ.
Қорғау 2024 жылғы 17 мамырда сағат 14:00-де Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария даярлау бағыты (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина; 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек dinara.sarybayeva@kaznaru.edu.kz Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек