KazNARU

Жылқайдар Арман Жетпісбайұлы

Жылқайдар Арман Жетпісбайұлының «Ауылшаруашылық жануарлары желінсауының иммунопрофилактикасы» тақырыбындағы 6D120100 - «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының «Бактериозға қарсы биотехнология» зертханасында, Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының «Жасыл биотехнология және жасушалық инженерия» зертханасында және Ыспарта қолданбалы ғылымдар университетінің «Микробиология» зертханасында (Түркия, Ыспарта қаласы), сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Атырау облыстарының шаруашылықтарында орындалды.
         Қорғау түрі –диссертациялық жұмыс.
         Қорғау тілі – қазақша.
         Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

1. Киркимбаева Жумагуль Слямбековна – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының меңгерушісі;
2. Valdovska Anda – PhD, Латвия ауылшаруашылық университетінің профессоры (Латвия, Елгава).

 

Ресми рецензенттер

Намет Айдар Мырзахметұлы – в.ғ.д., профессор, «MVA GROUP» ғылыми-зерттеу өндірістік орталығы» ЖШС бас директоры;
Кемешов Жомарт Омирбекович – в.ғ.к., Ветеринариялық медицина кафедрасының аға оқытушысы, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ.

 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Абдрахманов Талғат Жунусович – в.ғ.д., Ветеринариялық медицина кафедрасының профессоры, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ;
2. Абишов Абдикалык Абдижаппарович – в.ғ.д., «Ғылыми өндірістік мекеме ДиаВак-АБН» ЖШС директоры;
3. Рыщанова Раушан Миранбаевна – в.ғ.к.,, PhD, профессор, «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ;
4. Бейшова Индира Салтановна – а.ш.ғ.к., б.ғ.д. (РФ), доцент, Ғылым басқармасының басшысы, сынау орталығының директоры, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ.

 

Қорғау 2024 жылғы 17 мамырда сағат 16:00-де Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина; 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек dinara.sarybayeva@kaznaru.edu.kz Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.

 

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник