Идрисова Алтынай Бейбитовна
Идрисова Алтынай Бейбитовнаның «Қазақстанның оңтүстік-шығысында ашық және қорғалған топырақта жапырақты көкөніс дақылдарын конвейерлік өсіру технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы 8D08103 – «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша философия (PhD) докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті негізіндегі инновациалық жылыжайдың қорғалған топырағында және де көшет әдісі бойынша Алматы обылысы, Қарасай ауданында орналасқан “Қасымбек” шаруа қожалығының ашық топырағында орындалды.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орысша.
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
Смағұлова Дина Әлиқазыкызы – PhD доктор.
Нусупова Айгуль Орысбековна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Қайнар» аймақтық филиалының «Көкөніс-бақша дақылдарының селекция» бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ жеміс – көкөніс шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС.
Джордже Моравчевич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Белград университетінің, «Егіншілік және көкөніс шаруашылығы» кафедрасының профессоры, Сербия.
Ресми рецензенттер
Турбекова Арысгуль Сапаралиевна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» ҚеАҚ;
Махмаджанов Сабир Партович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын трансферттеу және бейімдеу» бөлімінің меңгерушісі, «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Мавлянова Равза Фазлиддиновна – биология ғылымдарының докторы, профессор, «Өзбекстан көкөніс, бақша дақылдары және картоп шаруашылығы ғылыми-зерттеу» институтының бас ғылыми қызметкері, Өзбекстан Республикасы;
2. Адилов Максуд Мирваситович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті;
3. Косанов Самалбек Уразбаевич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а., Ботаникалық бақтың жылыжай шаруашылығының меңгерушісі, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» ҚеАҚ.
Қорғау аралас онлайн және оффлайн форматта 2024 жылы 29 тамыз, сағат 16:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (6D080100 – «Агрономия»; 6D080900 – «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» мамандықтары; 8D08101 – «Агрономия»; 8D08103 – «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Адрес сайта: https://www.kaznaru.edu.kz/
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек kenzhe.yerzhanova@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.