Боранбаева Карлыгаш Ерболатовна
Боранбаева Карлыгаш Ерболатовнаның «Ірі қара малдың індетті кератоконъюнктивитінің қоздырғыштарын анықтауға арналған нақты уақыттағы мультиплексті полимеразды-тізбекті реакциясын құрастыру» тақырыбындағы 8D09101–«Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат
Зерттеу жұмыстары «ҚазҒЗВИ» ЖШС бактериология зертханасында, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының «Жасыл биотехнология және жасушалық инженерия» зертханасында, «Клиникалық ветеринариялық медицина» кафедрасының ғылыми зертханасында және Сельчук университетінің ветеринария факультетінде микробиология зертханасында (Түркия) орындалды, сонымен қатар, Алматы, Жетісу, Ақмола, Батыс Қазақстан, Түркістан және Қостанай облыстарының індеттанулық бірліктерінде өндірістік сынақтар жүргізілген.
Қорғау түрі –диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
Саттарова Рано Саитомаровна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «ҚазҒЗВИ» ЖШС бактериология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері;
Заманбеков Нуртлеу Акжолтаевич- ветеринария ғылымдарының докторы, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасының профессоры;
Спиридонов Геннадий Николаевич – ветеринария ғылымдарының докторы, «Токсикологиялық, радиациялық және биологиялық қауіпсіздік федералдық орталығы» жануарлардың бактериялық патологиялар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері (Қазан қ. РФ).Ресми рецензенттер:
Ресми рецензенттер
Муханбеткалиев Ерсын Ергазыевич - ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, ветеринариялық медицина кафедрасының меңгеру шісі;
Нуркенова Марал Кариполлаевна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ ветеринария кафедрасының аға оқытушысы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Карибаев Талгат Болатович - ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК, инфекциялық аурулардың диагностикасы зертханасының меңгерушісі;
2. Байкадамова Гульнара Ахановна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, ветеринариялық медицина кафедрасының қауымдастарылған профессоры;
3. Кыдырманов Айдын Исагалиевич – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС вирустар экологиясы зертханасының меңгерушісі.
Қорғау 2024 жылғы 12 қыркүйекте сағат 11:00-де Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина; 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек dinara.sarybayeva@kaznaru.edu.kz Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек