Жакиянова Мейрамгуль Сайлаубаевна
Жакиянова Мейрамгуль Сайлаубаевнаның «Постнаталды онтогенез кезеңінде қой және қоянның бауыры мен ұйқы безінің васкуляризациясы және микроқұрылымы» тақырыбындағы 6D120100 – «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат
Зерттеу жұмыстары «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ «Ветеринария» кафедрасының «Агротехнопарк» ғылыми зерттеу орталығында, радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығының инженерлік бейіндегі аймақтық сынақ зертханасында, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК, Курчатов қаласында орналасқан «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының зертханасында, Абай облысына қарасты аудандарындағы жеке шаруа қожалықтарында өсірілген қойларды союға арналған арнайы «Сары» мал сою алаңында, Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауылы «Саян» шаруа қожалығында, Семей қаласындағы «Максим» қоян өсіретін шағын шаруашылығында орындалды.
Қорғау түрі –диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
Сейлгазина Сауле Мункановна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС басқарма төрағасының ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары;
Зеленевский Николай Вячеславович – ФМБЖББМ «Санкт- Петербург мемлекеттік ветеринариялық медицина университеті» жануарлар анатомиясы кафедрасының профессоры (РФ).
Ресми рецензенттер
Джанабекова Гульмира Кумискалиевна – биология ғылымдарының докторы, профессор «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ академик Н. У. Базанова атындағы физиология, морфология және биохимия кафедрасының меңгерушісі;
Хасанова Мадина Асылхановна - PhD, «Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ ветеринариялық медицина кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Кушалиев Кайсар Жалитович - ветеринария ғылымдарының докторы, «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» КеАҚ ветеринария және малшаруашылығы институтының профессоры;
2. Ибажанова Асем Сериковна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ биологиялық қауіпсіздік кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
3. Душаева Лаура Жанедиловна – PhD, «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» КеАҚ халықаралық ынтымақтастық бөлім жетекшісі, ветеринария және малшаруашылығы институтының қауымдастырылған профессоры.
Қорғау 2024 жылғы 13 қыркүйекте сағат 11:00-де Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина; 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек dinara.sarybayeva@kaznaru.edu.kz Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек