Баймуратов Алибек Кыдырхожаевич
Баймуратов Алибек Кыдырхожаевичтің «Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында дәлме-дәл егіншілік жүйесінде ашық қара-қоңыр топырақтағы қоректік заттардың танапішілік өзгергіштігі» тақырыбындағы 6D080800 - «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялық жұмысын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің ғылыми-зерттеу базасында орындаған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
- Бастаубаева Шолпан Оразовна – ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР АШҒА академигі, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің Басқарама төрайымы.
- Мехмет Арслан – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Эрджиес университеті (Кайсери қаласы, Түркия мемлекеті).
Ресми рецензенттер
- Насиев Бейбит Насиевич - ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, «Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебінің профессоры, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті» КеАҚ.
- Ибраева Мария Аменовна – ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Топырақ құнарлығы мен биологиясы» бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, «Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ» ЖШС.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
- Елюбаев Сағынтай Зекенұлы – ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры;
- Сулейменов Бейбут Уалиханович - ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент, ҚР АШҒА академигі, бас ғылыми қызметкер, «Ө. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ» ЖШС.
- Салихов Талгат Кумарович – ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің стратегиялық даму жөніндегі проректоры, «Экология, өмір тірішілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры.
- Сальников Эльмира Рахимовна – PhD, Ғылым министрлігі топырақты зерттеу институтының Басқарма мүшесі, «Zemljiste I Biljka» (Почвы и растений) журналының бас редакторы (Сербия).
Қорғау 2023 жылы 8 қыркүйекте, сағат 11.00-де «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты (6D080800 – Топырақтану және агрохимия; 6D081100 – Өсімдік қорғау және карантин мамандықтары; 8D08102 – Топырақтану және агрохимия; 8D08104 – Өсімдік қорғау және карантин білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86262375727?pwd=dzhwcW1UcUVVaGs4VXlQNmhudncxZz09
Конференция идентификаторы: 862 6237 5727
Кіру коды:184016
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек gulshariya.kairova@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек
Ресми рецензент пікірі
Ресми рецензент пікірі