KazNARU

Құлжанова Ботагөз Оңдасынқызы

Құлжанова Ботагөз Оңдасынқызының «Қой сүтінен өндірілетін ұлттық тағамдар технологиясының ғылыми негіздері» тақырыбындағы 6D080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша философия (PhD) докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде және Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының зертханаларында орындалды.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы  – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

Омбаев Абдирахман Молданазарұлы – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Зооинженерия» кафедрасының профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.
Аджит Дж. Пандья - Ананд ауылшаруашылығы университетінің профессоры, доктор. (Үндістан).

Ресми рецензенттер

Нуржанова Кульсара Халимарденовна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, биология доценті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің Ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Нармуратова Мейрамкуль Худретовна – биология ғылымдарының кандидаты, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ, «Биотехнология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Малмаков Нурлан Икласович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің етті бағыттағы қой шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі.
2. Махатов Болатхан Махатович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ агроөндірістік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің аға ғылыми қызметкері.
3. Жексенбай Нуршаш – PhD доктор, Алматы технологиялық университеті, «Азық-түлік технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Қорғау аралас форматта онлайн және офлайн 2024 жылы 20 қыркүйек, сағат 15:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D082 Мал шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты (Мамандық: 6D080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы; білім беру бағдарламасы: 8D08201 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы) бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Адрес сайта: https://www.kaznaru.edu.kz/

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек kairat.iskhan@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник