KazNARU

Бекболатова Айнагуль Такеновна

Бекболатова Айнагуль Такеновнаның «Солтүстік Қазақстан өңірінде қалмақ тұқымы төлінің өсім қарқынын арттыру» тақырыбындағы 8D08201 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде» КеАҚ, «Азық түлік қауіпсіздігі және биотехнология» кафедрасында орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.

 

Ғылыми кеңесшілер

Айтжанова Индира Нурлановна – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің қауымдастырылған профессор м.а., философия докторы (PhD).
Джуламанов Киниспай Мурзагулович – РФ Оренбург қ. биологиялық жүйелер және агротехнологиялар ФБҒО малдың етті тұқымдары бойынша селекциялық-генетикалық орталықтың басшысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының  ғылымдарының докторы.

Ресми рецензенттер

Ахажанов Кайрулла Касенович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Торайғыров университеті» КеАҚ қауымдастырылған профессоры, Агроинновациялар және биотехнология ҒЗИ директоры;
Ахметалиева Алия Болатовна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебінің доценті, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Кажгалиев Нурлыбай Жигербаевичауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы кафедрасының профессоры, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ;
2. Шайкенова Кымбат Хамитовна ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы кафедрасының доценті, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ;
3. Атейхан Болатбек – PhD, Торайғыров университеті, Зоотехнология және ветеринария кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Қорғау аралас форматта онлайн және офлайн 2024 жылы 28 қазанда, сағат 14:30-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D082 Мал шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты (Мамандық: 6D080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы; білім беру бағдарламасы: 8D08201 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы) бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Адрес сайта: https://www.kaznaru.edu.kz/

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек kairat.iskhan@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.
 

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник