Смаилова Мадина Нурбековна
Смаилова Мадина Нурбековнаның «Алғашқы лактация кезінде қара-ала тұқым ремонтты ұрғашы сиырларын өсіру қарқындылығының олардың кейінгі сүт өнімділігіне әсері» тақырыбындағы 8D08201 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша бойынша философия (PhD) докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс «А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орысша.
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
Папуша Наталья Владимировна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің қауымдастырылған профессорының м.а.;
Чабаев Магомед Газиевич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясының Л.К. Эрнст атындағы Федералды мал шаруашылығы зерттеу орталығының ауылшаруашылық жануарларын азықтандыру бөлімінің бас ғылыми қызметкері.
Ресми рецензенттер
Абуғалиев Серімбек Құрманбайұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ;
Бисембаев Ануарбек Темирбекович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС бас директоры.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Шәмшідін Әлжан Смайылұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Басқарма Төрағасының – Ректорының орынбасары, ғылым жөніндегі проректор, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ;
2. Ахметалиева Алия Болатовна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебінің доценті, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ;
3. Ахажанов Кайрулла Касенович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Агроинновациялар және биотехнология ҒЗИ директоры, «Торайғыров университеті» КеАҚ.
Қорғау аралас форматта онлайн және офлайн 2024 жылы 29 қазан, сағат 11:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D082 Мал шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты (Мамандық: 6D080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы; білім беру бағдарламасы: 8D08201 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы) бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Адрес сайта: https://www.kaznaru.edu.kz/
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек kairat.iskhan@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.
2024 жылғы 20 қыркүйектегі «Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін және ресми рецензенттерді тағайындау туралы» №29-нқ бұйрықтың 2-тармағының 2 тармақшасы бойынша тағайындалған ресми рецензент Абуғалиев Серімбек Құрманбайұлы қызмет орнын ауыстыруына байланысты, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ-нан «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті» болып, бұйрыққа өзгерту 15 қазандағы №72-нқ бұйрығымен енгізілді.