Ищанова Айман Салимжановна
Ищанова Айман Салимжановнаның «Пастереллаларды заманауи зерттеу әдістерімен идентификациялау» тақырыбындағы 6D120100–«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертация Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті КеАҚ «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтының микробиология зертханасында, Батыс Қазақстан облысының аудандарына қарасты шаруа қожалықтарында, «А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ жанындағы «Қолданбалы биотехнологиялық ғылыми-зерттеу институты» базасында, Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Бактериозға қарсы биотехнология» зертханасында, Белград университетінің ветеринарлық медицина факультетінде (Сербия Республикасы, Белград қ.) орындалған.
Қорғау түрі–диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі–қазақша.
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
Таубаев Утеген Байргалиевич–ветеринария ғылымдарының докторы, профессор «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректордың бірінші орынбасары – стратегиялық даму және қаржы проректоры;
Киркимбаева Жумагуль Слямбековна - ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының меңгерушісі «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ;
Biljana Radojicic – ветеринария ғылымдарының докторы, Белград университетінің профессоры (Сербия Республикасы, Белград қ.).
Ресми рецензенттер
Намет Айдар Мырзахметұлы – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, «MVA GROUP» ғылыми-зерттеу өндірістік орталығы» ЖШС бас директоры;
Копеев Сырым Калдыбаевич – PhD, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Байкадамова Гульнара Ахановна– ветеринария ғылымдарының кандидаты, ветеринариялық медицина кафедрасының қауымдастарылған профессоры «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ;
2. Еспембетов Болат Аманбаевич - ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институты» микробиология зертханасының меңгерушісі;
3. Канатбаев Серик Ганиевич – биология ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» ЖШС-нің филиалы Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринариялық стансасының меңгерушісі.
Қорғау 2024 жылғы 31 қазанда сағат 14:30-да Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты (6D120100–Ветеринариялық медицина, 6D120200–Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101–Ветеринариялық медицина; 8D09102–Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек dinara.sarybayeva@kaznaru.edu.kz Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек