KazNARU

Ертлеуова Балауса Отаргалиевна

Ертлеуова Балауса Отаргалиевнаның «Artemisia lerchiana негізінде дайындалған препараттың жануарлардың жараларын емдеудегі тиімділігін анықтау» тақырыбындағы 6D120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат
Диссертациялық жұмыс Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтының микробиология зертханасында, «Жәрдем-Вет» оқу-ғылыми өндірістік орталығында және Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданына қарасты «Ақжайық» тәжірибе өндірістік орталығында орындалған.
Қорғау түрі –диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі –қазақша.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

Наметов Аскар Мырзахметович– ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректор;
Орынханов Канат Аманжолович- ветеринария ғылымдарының кандидаты, клиникалық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ;
Семененко Марина Петровнаветеринария ғылымдарының докторы, доцент, Краснодар ҒЗВИ-ы оқшауланған құрылымдық бөлімшесінің директоры «Краснодар зоотехния және ветеринария ғылыми орталығы» федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесі (Краснодар қ. РФ).

Ресми рецензенттер

Терликбаев Аскар Айдарханович- ветеринария ғылымдарының кандидаты, ветеринариялық медицина кафедрасының доценті «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ;
Канатбаев Серик Ганиевич – биология ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» ЖШС-нің филиалы Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринариялық стансасының меңгерушісі.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Еспембетов Болат Аманбаевичветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, микробиология зертханасының меңгерушісі «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты»;
2. Рыщанова Раушан Миранбаевна PhD, профессор, қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми-инновациялық орталығының меңгерушісі «А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ;
3. Мухамадиева Нуржамал Нуроллиновна - ветеринария ғылымдарының кандидаты, ветеринария кафедрасының доценті «Семей қаласының Шәкәрім атындағы   университеті» КеАҚ.

Қорғау 2024 жылғы 31 қазан сағат 16:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария кадрларды  даярлау бағыты (6D120100–Ветеринариялық медицина, 6D120200–Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101–Ветеринариялық медицина; 8D09102–Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек dinara.sarybayeva@kaznaru.edu.kz Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник