Сарыбаев Ыктияр Уалибекович
Сарыбаев Ыктияр Уалибековичтің «Сиырларды LHCGR, FSHR локустары бойынша генотиптеу және зерттеу генінің экспрессиясына байланысты овуляция деңгейін анықтау» тақырыбындағы 6D120100 –«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертация Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасында, Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының «Жасыл биотехнология және жасушалық инженерия» зертханасында және Алматы облысындағы «Байсерке-Агро» ЖШС шаруашылығында орындалды.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас
Ғылыми кеңесшілер
Туребеков Орынбасар Тиштибаевич – биология ғылымының кандидаты, биологиялық қауіпсіздік кафедрасының профессоры, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ;
Vita Antane – ветеринария ғылымдарының докторы, Латвия ауылшаруашылық университетінің профессоры (Елгава қ. Латвия).
Ресми рецензенттер
Кереев Абзал Кенесович – PhD, ветеринария және агротехнология институтының доцент м.а. «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ;
Мухамадиева Нуржамал Нуроллиновна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, ветеринария кафедрасының доценті, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Джакупов Исатай Тусупович – ветеринария ғылымдарының докторы, ветеринариялық медицина кафедрасының профессоры, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ;
2. Кемешов Жомарт Омирбекович – ветеринария ғылымдарының кандидаты, ветеринариялық медицина кафедрасының меңгерушісі, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ;
3. Сенгалиев Ербол Маратович – ветеринария ғылымдарының кандидаты, ветеринария және агротехнология институтының доцент м.а., «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ.
Қорғау 2024 жылғы 28 қарашада сағат 14:30-да Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты (6D120100–Ветеринариялық медицина, 6D120200–Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101–Ветеринариялық медицина; 8D09102–Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
2024 жылғы 23 қазандағы №80-нқ «Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін және рецензенттерін тағайындау туралы» бұйрығының 1.3 тармағымен бекітілген диссертациялық кеңестің уақытша мүшесі Сенгалиев Е.М. орнына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің (14.06.2024 ж. №294 бұйрығымен, 01.07.2024 ж. Бастап қолданысқа енгізілген) 5-тармағына сәйкес а.ш.ғ.д., қауымдастырылған профессор, «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институты» ЖШС Басқарма Төрағасының орынбасары Карымсаков Талгат Николлаевич болып, 5 қарашадағы №103-нқ бұйрыққа өзгерту енгізу бұйрығымен тағайындалды.
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек dinara.sarybayeva@kaznaru.edu.kz Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек