KazNARU

Тулепова Гульмира Кайырбековна

Тулепова Гульмира Кайырбековнаның «Ірі қара малы бруцеллезіне диагностикалық препарат үшін нано-платформа дайындау» тақырыбындағы 6D120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат
Зерттеу жұмыстары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің биологиялық қауіпсіздік кафедрасында және ҚР ҒЖБМ ҒК «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК «Молекулярлық биология» зертханасында жүргізілген.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

Махашов Едил – ветеринария ғылымдарының кандидаты, биологиялық қауіпсіздік кафедрасының профессоры, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ;
Loukia Ekateriniadou – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, «DIMITRA» Грециялық ауылшаруашылығы ұйымы, Ветеринариялық ғылыми - зерттеу институтының Ассоцияланған зерттеулер жөніндегі директоры (Грекия, Салоники қ.).

Ресми рецензенттер

Булашев Айтбай Кабыкешович ветеринария ғылымдарының докторы, микробиология және биотехнология кафедрасының профессоры «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ;
Әбутәліп Әспенветеринария ғылымдарының докторы, профессор, бас ғылыми қызметкер, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» ЖШС.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Карибаев Талгат Болатовичветеринария ғылымдарының кандидаты, инфекциялық аурулардың диагностикасы зертханасының меңгерушісі «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК;
2. Даугалиева Сауле Тлековнаветеринария ғылымдарының кандидаты, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндіріс орталығы» ЖШС жетекші ғылыми қызметкері;
3. Какишев Мурат Галиханович – Ph.D, ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық бөлімінің басшысы, «М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КеАҚ.

Қорғау 2024 жылғы 28 қараша сағат 16:30-да Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина; 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8г/5 үй (Су Хабы), 801 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234

2024 жылғы 23 қазандағы №79-нқ бұйрығының 2.1 тармағымен «Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін және рецензенттерін тағайындау туралы» бұйрығында бекітілген ресми рецензент Булашев А.К.  іссапарға баруына байланысты орнына в.ғ.д., профессор, «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС қолданбалы генетика зертханасының бас ғылыми қызметкері Муканов Касым Касенович болып 4 қарашадағы №92-нқ бұйрыққа өзгерту енгізу бұйрығымен тағайындалды.

 

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек dinara.sarybayeva@kaznaru.edu.kz Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник