Байгазакова Жадыра Муратханкызы
Байгазакова Жадыра Муратханкызының «Доланалардың (Crataegus L.) орманшылық-экологиялық жағдайында мониторинг жасау және Семей қаласында қолдануға тәжірибелік ұсыныстар құрастыру» тақырыбындағы 6D080700 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша философия (PhD) докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс Семей қаласы, Алматы қаласы, Есік мемлекеттік дендрологиялық паркі, ММ «Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы» өңірлік сынақ зертханасы, Шәкәрім «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ «Семей» филиалының сынақ зертханаларында орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
1. Кентбаева Ботагоз Айдарбековна – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Орман ресурстары, аң шаруашылығы және балық шаруашылығы» кафедрасының қауымастырылған профессоры, биология ғылымдарының докторы.
2. Бессчетнова Наталья Николаевна – Ресей, Нижний Новогород қаласындағы Л.Я. Флорентьев атындағы Нижегород мемлекеттік агротехнологиялық университетінің «Орман шаруашылығы» факультетінің деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент.
Ресми рецензенттер
1) Мазаржанова Куралай Мукажановна – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» кафедрасының қауымастырылған профессор м.а., «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ;
2) Елекешева Мира Манаровна – а.ш.ғ.к., ветеринария және агротехнология институтының доцент м.а., «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Рахимжанов Алимжан Нурсултанович – PhD, қауымдастырылған профессор, «Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Басқарма Төрағасы;
2. Ражанов Медеу Ражанович – PhD, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министірілігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Астана ботаникалық бағы» филиалының директоры;
3. Мухамадиев Нуржан Серикканулы – б.ғ.к, Өсімдіктерді биологиялық қорғау бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС.
Қорғау 2025 жылы 31 қаңтар сағат 11:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде құрылған 8D083 Орман шаруашылығы (6D080700 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандығы; 8D08302 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы білім беру бағдарламасы:) және 8D052 Қоршаған орта (6D060800 – Экология мамандығы; 8D05204 – Экология білім беру бағдарламасы) бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы 8 бас ғимарат, 84 аудиторияда аралас (онлайн және офлайн) форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Сайттың мекен-жайы: https://www.kaznaru.edu.kz/
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек kurmankul.abaeva@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.