KazNARU

Алмаганбетова Айгуль Турмахановна

Алмаганбетова Айгуль Турмахановнаның «Көп дәнді ұн шикізатынан жасалған коэкструдирленген өнімдер өндірісі технологиясының нормативтік қамтамасыздануы» тақырыбындағы 8D07501 – «Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының «Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің технологиясы» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығында жасалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

Оспанов Абдыманап - техника ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры.
Тимурбекова Айгуль Кулахметовнатехника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры.
Остриков Александр Николаевичтехника ғылымдарының докторы, Воронеж мемлекеттік инженерлік технологиялар университетінің «Майлар технологиясы, химиялық және тағам өндірістерінің процесстері мен аппараттары» кафедрасының меңгерушісі, профессор (Ресей Федерациясы, Воронеж қ.).
 

Ресми рецензенттер

1) Тулекбаева Айжамал Конисбаевна – техника ғылымдарының кандидаты, доцент,  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Механика және мұнай газ ісі факультетінің «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының меңгерушісі.
2) Изембаева Асель Камалсеитовна - PhD, Алматы технологиялық университетінің Тағам технологиялары факультетінің «Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Изтаев Ауелбек – техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Тағам технологиялары факультетінің, «Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының профессоры, «Алматы технологиялық университеті» АҚ;
2. Чоманов Уришбай Чоманович техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, жоба жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер, «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми зерттеу институты» ЖШС;
3. Байхожаева Бахыткуль Узаковна – техника ғылымдарының докторы, ЖАК профессоры, «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының меңгерушісі, «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» КеАҚ.

Қорғау 2025 жылғы 19 ақпанында сағат 14:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде құрылған 8D075 –  «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» кадрларды даярлау бағыты (6D073200 – Стандарттау және сертификаттау мамандығы; 8D07501 – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы) бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, бас ғимарат, 84 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Адрес сайта: https://www.kaznaru.edu.kz/

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек zhulduznur@gmail.com, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник