Сериков Мақсат Серикұлы
Сериков Мақсат Серикұлының «Инновациялық зерттеу әдістері негізінде май өнімдерінің құрамындағы май қышқылын анықтау әдістерін жетілдіру» тақырыбындағы 6D073200 - «Стандартизация және сертификация (салалар бойынша)» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде орындалды.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орысша.
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
1 Серікбаева Асия Демеуханқызы – б.ғ.д., Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының профессоры.
2 Константин Алексей Сергеевич – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Н.М. Емануэль атындағы Биохимиялық физика институтының биомакромолекулалар масс-спектрометриясы зертханасының аға ғылыми қызметкері (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.).
Ресми рецензенттер
1) Тулекбаева Айжамал Конисбаевна – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Механика және мұнай газ ісі факультетінің «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының меңгерушісі, «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» АҚ;
2) Амутова Фарида Бахтияровна – PhD, «Физика-химиялық зерттеу әдістері» зертханасының меңгерушісі, «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Байхожаева Бахытгуль Узаковна – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының меңгерушісі, «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» КеАҚ;
2. Набиева Жанар Серикболовна – PhD, «Тамақ қауіпсіздігін ҒЗИ» директоры, «Алматы Технологиялық университеті» АҚ;
3. Юсупова Гаухар Тургалиевна – PhD, «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасының аға оқытушысы, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ.
Қорғау 2025 ж. 17 наурыз сағат 11:00-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде құрылған 8D075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, бас ғимарат, 84 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Адрес сайта: https://www.kaznaru.edu.kz/
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек zhulduznur@gmail.com, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.
Докторлық диссертацияны қорғауы