Мұканова Ляззат Балғабайқызы
Мұканова Ляззат Балғабайқызының 8D08201 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынған «Қылшық жүнді құйрықты қой тұқымдарын (еділбай х гиссар) шағылыстыру арқылы алынған бірінші ұрпақтың өнімділік және биологиялық қасиеттері» тақырыбындағы диссертациясын қорғау туралы ақпарат
Диссертациялық жұмыс «Байсерке-Агро» оқу өндірістік ғылыми орталығында, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ-ң «Қазақ-Жапон» орталығының зертханасында, Түркия мемлекеті, Ахи Евран университеті зертханасында орындалды.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
1. Садыкулов Тулеухан – ҚР Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚазҰАЗУ «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының профессоры;
2. Юлдашбаев Юсупжан Артыкович – Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті, «Зоотехния және биология» кафедрасының профессоры.
Ресми рецензенттер
1) Омашев Каирлы Беисенович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Қылшық жүнді (Еділбай, Қазақтың қылшық жүнді құйрықты, Ордабасы, Сары-Арқа қылшық жүнді құйрықты) өнімділік бағытындағы қойлардың» Республикалық Палатасының Атқарушы директоры;
2) Паржанов Жанибек Ануарбекович – ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Аймақтық иновациялық университетінің, Ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор, Шымкент қаласы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Бексеитов Токтар Карибаевич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Зоотехнология және биотехнология» кафедрасының профессоры.
2. Алибаев Нурадин – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» КеАҚ «Жаратылыстану-техникалық ғылымдар» ҒЗИ «Биотехнология» ғылыми орталығының басшысы;
3. Хамзин Кадыржан Пазылжанович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Қазына» оқу-ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері.
Қорғау 2025 жылғы 14 мамырда сағат 11:00-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жанындағы 8D082 – Мал шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты (8D08201 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасы) бойынша диссертациялық кеңесте, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, бас ғимарат, 84 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Сайттың мекен-жайы: https://www.kaznaru.edu.kz/
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек kairat.iskhan@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.
Докторлық диссертацияны қорғауы