KazNARU

Көпдәнді шикізат негізіндегі әртүрлі композиттік қоспалар әзірлеу

Время проведения: 22.07.2024 09:07:00 - 04.09.2024 17:09:00

       2024 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін Тапсырыс берушінің орналасқан жеріне барып, «Көпдәнді шикізат негізіндегі әртүрлі композиттік қоспалар әзірлеу: өндіріс технологиясын қоса алғанда, жем өндіру әдістері, сондай-ақ экструдердегі қондырғылар мен жұмыс» тақырыбында шаруашылыққа кеңес беру өткізілді.

       Бүгінгі таңда нарық ауыл шаруашылығына жемшөптің әртүрлі тәсілдері мен түрлерін ұсынады. Жем өндірудің тиімді технологиясының бірі – экструдерді қолдану болып табылады. Біз температура мен ылғалдылық жағдайларына байланысты 2 түрлі экструзияланған жемді ұсынамыз. Экструзиялау процесінде экструдаттың қоректік құрылымында терең өзгерістер болады, бұл оның энергетикалық құндылығын арттырып,  дәмі мен сіңімділігін жақсартады.

        Қарқынды өңдеу нәтижесінде экструдерде дәнді дақылдардың көмірсулар құрамы өзгереді-экструдатта крахмал мөлшері 1,6-3,2 есе, декстрин мөлшері 1,5-6,2 есе, қант мөлшері 1,2-2,1 есе артады.

       Кеңес беруге арналған сұрақтар (АӨК субъектісінен және АӨК саласындағы басқа да мүдделі тұлғалардан):

  1. Жоғары құнарлы және оңай сіңетін экструдталған азыққа арналған көпдәнді шикізат негізіндегі әртүрлі комипозиттік қоспалар («Нұр-Әділет» ШҚ 22.07.2024 ж.).
  2. Пробиотиктер қосылған жоғары қоректік және жеңіл сіңімді құрамажем («Джумабаев» ЖК 19.08.2024 ж.).
  3. Экструзияланған құрамажем алу технологиясы («Бейбіт» ШҚ 21.08.2024 ж.)
  4. Жоғары қоректік, жеңіл сіңімді құрама жем өндіру («Садығұл» ЖК 10.09.2024 ж.)
  5. Жемшөп экструдері қондырғысында жұмыс жасау және параметрлері («Самат» ШҚ 4.09.2024 ж.)

Шаруа қожалығына кеңес беруші Жалелов Дулат Бейбітұлы болды.

 

1
---------Chatbot---------
виртуальный помощник