Время проведения: | 01.08.2024 09:08:00 - 30.09.2024 18:09:00 |
Ауыл шаруашылығында қой өсіру өте тиімді бағыттардың бірі болып саналады. Қой өнімділігінің бағыттары әртүрлі және ол тек ет алумен шектелмейді. Бірақ қойлардың өнімділік деңгейін арттыруға тек тыңғылықты селекциялық-асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан бұл саланың рентабельділігі көбінесе селекциялық-асылдандыру жұмыстардың деңгейіне, бағытына және ұйымдастырылуына байланысты. Егер селекциялық-асылдандыру жұмыстары дұрыс қойылса, бұл тек оның салмағы мен репродуктивтілігін ғана емес, сонымен қатар жүннің тығыздығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, 2024 жылы Алматы облысының Тапсырыс беруші-фермерлерінің орналасқан жеріне барып, «Қой шаруашылығы бойынша селекциялық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында консультациялар өткізілді.
Қой өсіруші фермерлердің тапсырысы бойынша кеңес беру үшін қарастырылатын мәселелер:
Шаруа қожалықтарға кеңес беруші Баймәжі Ерлік Баймәжіұлы болды.
1
2
3
4
5
6