Время проведения: | 07.10.2024 16:10:00 - 29.11.2024 16:11:00 |
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің, "Ветеринария және Зооинженерия" факультеті «Клиникалық пәндер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Бименова Жанат Жолшыбайқызы 2024 жылыдың шілде және қазан айларында төмендегі «Әділет» ФХ, «Аксут LLC» ЖШС, «Бақтыбек» ШҚ, «Көктөбе» ШҚ, «Сәрсенбек ата» ШҚ шаруашылықтарына кеңес беру жұмыстарын жүргізіп келді. Кеңес беру барысында шаруашылықтың сұранысы бойынша «Жергілікті қазақ жылқыларының көбеюуіне әсер ететін факторлар», «Сауын сиырларды қолдан ұрықтандырудың оңтайлы мерзімі», «Патологиялық туу кезіндегі акушерлік көмектің принциптері», «Жылқы төлқұжатын қалай жасауға болады», «Аналық малдардың репродуктивті қызметін жақсарту үшін зондтарды қолдану бойынша шаруаларға практикалық көмек көрсету» тақырыптарындағы сұрақтар қарастырылып, жауап берілді.
Кеңес беру барысында Таза тұқымды өсіру тұқым қуалайтын тұрақты, өнімділігі жоғары малдардың санын көбейтуге мүмкіндік беру туралы айтылды. Асыл тұқымды өсірудің негізгі міндеті - тұқымдық қасиеттерді сақтау және жақсарту: нақты көрсетілген қажетті белгілері бар жануарлар тұқымы бойынша сұрыптау (сүт өнімділігі, еттілігі, жұмыртқа өнімділігі, жүнділігі және т.б.); осы белгілерді нығайту және бекіту мақсатында жұптарды мақсатты түрде іріктеу; жануарларды қажетті қасиеттерді дамытуға қолайлы жағдайларда ұтымды өсіру және пайдалану екені түсіндірілді. Ветеринариялық акушерлік қызметтің негізгі міндеттерінің бірі - қатаң ветеринариялық бақылау, оның міндеттері инфекциялық және инвазиялық ауруларды болдырмауға кепілдік беру, жануарлардың денсаулығы мен жоғары жыныстық потенциалын сақтау, күтіп –бағуды жақсарту болып табылады.
1
2
3
4
5