Время проведения: | 23.09.2022 08:09:00 - 24.09.2022 15:09:00 |
2022 жылғы 26 тамызда Алматы облысы, Қарасай ауданының «Үшқоңыр» оқу орталығында Алматы облысы Қарасай ауданының «Жетісу» АӨК-нің демонстрациялық алаңында «Климаттың жаһандық жылынуын ескере отырып, Қазақстанның оңтүстік-шығысында жемшөп базасын құру және жемге қажеттілікті есептеу» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. (Жемшөп өндірісі және жемшөп дайындау).
Семинардың теориялық бөлімі екі дәрістен тұрды.
1-дәріс – «Климаттың жаһандық жылынуын ескере отырып, Қазақстанның оңтүстік-шығысында жемшөп базасын құру», лектор ҚР ҰҒА академигі С.Б. Кененбаев.
2-дәріс – «Жемге деген қажеттілікті есептеу», дәріскер а.ш.ғ.к., профессоры Сырлыбаев Ғ.О.
Семинардың тәжірибелік бөлігінде қатысушылар демонстрациялық алаңға («Жетісу» АӨК) барды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылармен семинарда қозғалған проблемалық мәселелер талқыланып, сауалнама жүргізілді және сертификаттар тапсырылды.
*
*
*