Жоба жетекшісі
Мизанбекова Салима Каспиевна
Ғылыми дәрежесі, атағы: экономика ғылымдарының докторы, профессор
Scopus Author ID: 57193456621
Researcher ID:DVV-5619-2022
ORCID: 0000-0002-7602-9710
Жоба туралы
Мақсаты
Жаңа агроөнеркәсіптік саясатты іске асыру және салалық нарықтағы конъюнктуралық үрдістердің жоғары тұрақсыздығы жағдайында қолда бар проблемалық сәттер мен әлеуетті мүмкіндіктерді ескере отырып, инновациялық әзірлемелер мен цифрлық технологияларды қолдану негізінде АӨК құрама жем өнеркәсібі кәсіпорындарының орнықты дамуының ұйымдастырушылық-экономикалық тетігінің теориялық-әдіснамалық ережелері мен ғылыми - қолданбалы аспектілерін нақтылау және ашу.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
2022 жылға арналған жұмыс бағдарламасы мен әдістемесі жасалды.
Жемшөп кәсіпорындарының заманауи өндірістік менеджментіндегі экономикалық басқару объектісі ретінде инновациялар зерттелді, олардың халық шаруашылығы субъектілерінің тиімді тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлі анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша ҒЖБССҚК ұсынған 2022 жылғы № 4 "Аграрлық нарық мәселелері" журналында баспаға мақала қабылданды.
2023 жылға арналған жұмыс бағдарламасы мен әдістемесі жасалды.
Экономиканы цифрландыру және әлемдік және отандық салалық нарықтардағы бәсекелестікті қатаңдату жағдайында кәсіпорынның инновациялық менеджментінің экономикалық жүйесін құрудың маңызы айқындалатын болады.
Отандық құрама жем өндірісінің салалық конъюнктурасы мен нарықтық үрдістеріне талдау жүргізіледі және инновациялық шешімдерді іске асыру жағдайында кәсіпорындардың жай-күйі мен даму серпіні бағаланады.
Зерттеу нәтижелері бойынша Web of Science базасының Science Citation Index Expanded индекстелетін және (немесе) Scopus базасында кемінде 35 (отыз бес) CiteScore бойынша процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда 1 (бір) мақала жарияланады.
Жарияланымдар тізімі (оларға сілтемелермен) және патенттер
С.К. Мизанбекова, К. М. Тиреуов, Д. А. Айтмұханбетова. Қазақстан Республикасының құрама жем өнеркәсібі: жаңғырту үрдістері, Аграрлық нарық проблемалары, No 4, 2022, 104-111 ББ.
https://doi.org/10.46666/2022-4.2708-9991.11
https://www.jpra-kazniiapk.kz/jour/article/view/1073