Жоба жетекшісі
Жылгелдиева Әсел Аятханқызы
Эл.пошта: asel_issik@mail.ru
Ғылыми дәрежесі, атағы: PhD, қауымдастырылған профессор
Scopus Author ID: 57223131294
ORCID: https://orcid.org/0000-0003-4617-2353
Жоба туралы
Өзектілігі
Төлдердің ас қорыту жолдарындағы шартты микроорганизмдерге қарсы антибиотиктерді қолдану қымбатқа түседі. Көп жағдайларда олар өзінің емдік тиімділігін көрсетпей жатады және олардың организмге зиянды әсері де жоқ емес. Сол себепті диспепсия кезінде фитотерапия, сның ішінде, грек жағағынан алынған қайнатпаны немесе экстрактыны қолдану экономикалық жағынан тиімді және организмге қосымша кері әсері жоқ.
Жобаның мақсаты
- Диспепсияның патогенезін зерттеп, ауру барысында өзгеріске ұшырайтын мүшелерді анықтау. Зақымданған мүшелерге емдік әсер ететін дәрілік өсімдіктер іздестіру.
- Емдік мақсаттағы фитопрепараттан әртүрлі дәрілік формалар (экстрактлер, тұнба және қайнатпалар) дайындау және клиникағадейінгі зерттеулер жүргізу.
- Грек жаңғағы қайнатпасының, тұнбасының немесе экстрактысыныңдиспепсияға шалдыққан бұзаудың қанының гематологиялық, биохимиялық және иммунологиялық көрсеткіштеріне әсерін зерттеу, фитопрепараттың тиімді әсер ететін мөлшерін анықтау.
- Өндіріс саласында фитопрепараттарды қолданудың нормативтік-техникалық құжаттарын және ғылыми негізделген ұсыныстар дайындау.
Күтілетін және/немесе қол жеткізілген нәтижелер
1.Жұмыс барысында алынған зерттеу нәтижелері фармакология пәні боынша Қазақстан Республикасында шығарылған оқулық және оқу құралдарына енгізіледі.
2. Пайдалы модельге патенті алынады.
Әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат
Әлеуетті пайдаланушылар арасындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері маңызды мәнге ие, өйткені зерттеудің инновациялық биологиялық әдістерін қолдана отырып әзірленген фитопрепарат жаңа емдік белсенді препараттарды өндіру бойынша отандық биотехнологиялық және фармацевтикалық өнеркәсіпті енгізуге мүмкіндік береді. Әзірленген жаңа фитопрепараттар бұдан әрі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерінің иммундық мәртебесін арттыруда айтарлықтай үлес қосады.