Жоба жетекшісі
Жантасов Серік Қажыханұлы
Уч.степень, звание: ауыл шаруашылығының кандидаты
Scopus Author ID: 57202818801
Researcher ID: AGD-7967-2022
ORCID: 0000-0002-3155-0676
Жоба туралы
Өзектілігі
Асқабақ дақылдарын телу көп мемлекеттерде жылдар бойы сәтті қолданылып келеді және бүкіл әлемде барған сайын танымал болып келеді. Телу - өнімділікті 40%-ға дейін арттыруды қамтамасыз етеді және топырақ ауруларының алдын алудың ең жақсы тәсілдерінің бірі. Телітуші-телінушікомбинациялар қышқылдылыққа, дәмге, қанттылыққа, түске, каротиноидтардың және жеміс құрылымына, топырақтың төмен температурасына және тұздылыққа төзімділігіне, қоректік заттардың және судың сіңірілуіне әсер етеді. Жобада шешілетін мәселелер: коммерциалық телітушілерді құру арқылы ассортимент бойынша республика шаруашылықтарының импортқа тәуелділігін төмендету, құрылатын телітуші линиялардың негізгі топырақ ауруларына және күйзелістерге төзімділігін тамыр-егу комбинацияларына экономикалық баға бере отырып анықтау, анықтау, телітуші-телінуші комбинациялардағы үйлесімділік, сонымен қатар телінуші жемісінің сапасына әсер ету. Асқабақ дақылдарының телітуші құру бойынша ғылыми зерттеулер Қазақстанда алғаш рет жүргізілуде және зерттелетін тақырыпқа байланысты әлемде жүргізілген зерттеулерге сәйкес, телітушілердің ризосферасы бойынша зерттеулер жеткіліксіз, ал әлемде асқабақтың тетраплоидты телітуші құру жұмыстары бойынша және оны пайдалану туралы мәліметтер жоқ. Зерттеу тобы жүргізген ғылыми негіздемелер арқасында мақсат қоюға, міндеттер мен оларды жүзеге асыру әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңыздылығы – коммерциалық телітушілерді құру, бақша дақылдарының өнімділігін арттыру, сұрыптау жұмыстарын кеңейту. Алынған нәтижелердің қолданылуы тәжірибелік көкөніс шаруашылығына өнімді телітушілерді енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. Әлеуетті тұтынушылар Қазақстандағы шаруа қожалықтары, жылыжай кешендері, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары болып табылады.
Мақсаты
Төзімділік маркерлері мен өсу факторының реттегіштері бойынша асқабақ телітушілердің коллекциясын қалыптастыру және сәйкестендіру, олардың негізінде ауруларға және абиотикалық стресстерге төзімді, жоғары өнімділік пен жеміс сапасын қалыптастыратын үйлесімді тетраплоидты телітуші линияларды құру.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Телітушілер коллекциясы құрылады, молекулалық скрининг негізінде фузариозға, фитофторозға, ақ ұнтаққа және суыққа төзімді 5-7 үлгі анықталады. Биотикалық және абиотикалық факторларға төзімді 1-2 тетраплоидты асқабақ телітушілері алынады. Ерекшеленген үлгілердің ішінен 2-3 оңтайлы телітушілері таңдалады. Ашық және жабық топырақ жағдайында шаруашылық-құнды белгілері бойынша қияр мен қауынның аудандастырылған сорттарымен ерекшеленетін телітуші-телінуші комбинациялармен бағалау жүргізіледі. Фитогормондар (ауксин, цитокинин) синтезі бойынша гендер мен белоктардың экспрессиясының салыстырмалы деңгейін бағалау арқылы егілген өсімдіктердегі
телітушілердің потенциалының өсу факторларына әсері зерттеледі. Бөлінген телітуші-телінуші комбинацияларында (жалпы қант, В тобындағы витаминдер, С дәрумені) егу жемістерінің биохимиялық көрсеткіштері анықталады. Нәтижесінде Science Citation Index Expanded индекстелетін және Scopus базасында CiteSсore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар рецензияланған ғылыми басылымдарда 2 мақала және отандық баспаларда, ҒЖБСҚЕК мен ұсыналатын 1 мақала жарияланады.
6. Басқаша өлшенетін нәтижелер:
1) Күтілетін нәтижелердің әрқайсысының қолданылу саласы және мақсатты тұтынушылары: молекулярлық-генетикалық зерттеулер негізінде алынған телітуші-телінуші комбинациялары көкөніс өнімдерін тиімді өсіру үшін қолданылуы мүмкін, қияр мен қауынға арналған телітуші желілері селекциялық бағдарламаларға тартылуы мүмкін, телітуші линиялардын негізінде қияр мен қауынның төзімді телітуші коллекциясы жасалуы мүмкін. Ғылыми зерттеулердің күтілетін нәтижелерінің мақсатты тұтынушылары фермерлік және шаруа қожалықтары, жылыжай комбинаттары, ғылыми-зерттеу институттары болып табылады. Республиканың көкөніс өсірудің дамушы саласы үшін телітушілердің жеткілікті сұрыпталымы ұсынылатын болады.
2) Күтілетін нәтижелердің ғылым мен технологияның негізгі ғылыми бағыты мен сабақтас салаларын дамытуға әсері: жобаны іске асыру пестицидтік жүктемені төмендетуге, қосымша және экологиялық таза өнім алуға, жер көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беріп, сондай-ақ бақша өнімдерінің экспорттық әлеуетін кеңейтеді. Cucurbitaceae тұқымдасын үлгілерді бөлуге және тетраплоидтар негізінде гибридті телітушілерді алу бойынша зерттеушілерге одан әрі жұмыстарды жүргізуге, зерттеу деректерінің нәтижелерін коммерцияландыруға мүмкіндік береді.
3) Алынған ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың қолданылуы және (немесе) мүмкіндігі: жобаның инновациялық және бәсекелестік артықшылықтары жемістердің өнімділігі мен сапасы жоғары түраралық телітуші-телінуші комбинацияларын фермерлік және жылыжай шаруашылықтарына, практикалық көкөніс шаруашылығына енгізудің арқасында қамтамасыз етілетін болады. Кейіннен құрылған отандық асқабақ телітушілерін ауылшаруашылық өсімдіктерінің мемлекеттік сортсынағына беру және селекциялық жетістікке патент алу арқылы одан әрі зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға мүмкіндік береді.
4) Көкөніс шаруашылықтарына жаңа отандық телітушілерді енгізу әлеуметтік-экономикалық әсері болып саналады. Отандық асқабақ телітушілер өнімділікті арттыру, ауруларға төзімділікті котеру, абиотикалық стресстің салдарын азайту, сондай-ақ қоректіктердін сіңуін арттыру мәселелерін қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік береді. Бұл өнімнің құнын, пестицидтік жүктемені және саладағы импортқа тәуелділікті төмендетеді.
5) Түраралық телітуші-телінуші комбинациялардын үйлесімділікке, өнімділікке бағалауы қарбызға да пайдалануға мүмкіндік береді.
Жарияланымдар тізімі (сілтемелерімен) және патенттер
1. Shoibekova A., Nusipzhanov N., Jantassov S. Influence of Fusarium oxysporum resistant pumpkin rootstock on the productivity of the F1 Asylum cucumber hybrid//Caspian Journal of Environmental Sciences (CJES). Vol. 21, No. 4, 2023. P. 939-946. doi.10.22124/CJES.2023.7152
2. Shoibekova A.J., Sagindikov T.S., Karimova A.N., Serikbayeva G.A., Jantassov S.K., Bari G.T. The influence of various concentrations of mineral salts on the growth and development of pumpkin for a preliminary assessment of it as a rootstock material //Bulletin of Kyzylorda University named Korkyt Ata. 2023. №2 (65), 2023
Әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат
Проект бойынша Cucurbitaceae тұқымдасы: асқабақ, қияр, қауын зерттеледі
Зерттеу тобының мүшелері
Бәрі Ғабіт Төлегенұлы
Ғылыми дәрежесі, атағы: PhD
Scopus author ID 56650735500
Researcher ID ABA-2385-2020
ORCID 0000 -0003-1987-7315
Смекенов Ізат Темірғалиұлы
Ғылыми дәрежесі, атағы: PhD
Scopus Author ID 56688607600
Researcher ID DXG-7898-2022
ORCID 0000-0002-7739-7777.
Нусіпова Айгул Орысбекқызы
Ғылыми дәрежесі, атағы:ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Scopus author ID 57217935202
ORCID 0000-0001-5787-7119
Махмаджанов Сабыр
Ғылыми дәрежесі, атағы: PhD
Scopus Author ID 57809032800
Researcher ID HCI-1976-2022
ORCID 0000-0001-5623-0591
Таджібаев Данияр Гаделжанұлы
Ғылыми дәрежесі, атағы: ауыл шаруашылық ғылымдарының магистрі
Researcher ID L-8446-2017
ORCID 0000-0002-5956-2644
Тойшыманов Мақсат Рысбекұлы
Ғылыми дәрежесі, атағы: ауыл шаруашылық ғылымдарының магистрі
ORCID 0000-0002-6070-4574
Джантасова Айгерім Серікқызы
Ғылыми дәрежесі, атағы: ауыл шаруашылық ғылымдарының магистрі
ORCID 0000 -0002-7106-2749