Жоба жетекшісі
Ильгекбаева Гульназ Дуйсековна
Ғылыми дәрежесі, атағы: ветеринария докторы, профессор
Scopus Author ID: 8584173700
Researcher ID: C-3945-2013
ORCID: 0000-0001-7140-2961
Жоба туралы
Өзектілігі
Құлындардың Rhodococcus equi инфекциясына шалдығуы дүние жүзіндегі жылқы фермаларында маңызды індеттің бірі болып табылады. Takai және басқа ғалымдардың зерттеуі бойынша 1991 жылы ауру жұқтырылған құлындардан алынған изоляттарда уыттылығы жоғары плазмидтер мен антигендер анықталды. Осыдан бастап плазмид және антигеннің уыттылығының механизмін зерттеу жүргізілуде. Дегенмен, Rhodococcus equi топырақ бактериясы тудыратын тұрақты ошақтарында індетті толық жою және жыл сайынғы індеттің тууын бақылау жасау мүмкін емес. Ауруға ерте балау қойып, бөліп алудың мүмкін болмауынан оған дер кезінде ем көрсетілмей ауру зілді өтеді. Құлындардың арасында өлім жыл сайын тіркеледі.
Мақсаты
Құлынды Rhodococcus equi инфекциясымен шалдығуының алдын алудың жаңа әдісін зерттеу. Ешкілерде Rhodococcus equi-дің тәжірибелік (балама) моделін жасап, аурудың практикалық маңызын, тиімділігін және қауіпсіздігін бағалау.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Ешкілерде pVAPN тасымалдайтын штаммдарды жұқтыру үлгісі жасалады, ол құлындағы R.equi инфекциясының үлгісі болуы мүмкін, өйткені дерттену процессі құлын инфекциясына өте ұқсас.
Web of Science базасында Science Citation Index Еxpanded немесе Social Science Citation Index құрамына кіретін және (немесе) Scopus базасында кемінде 35 (отыз бес) CiteScore бойынша процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымға бір мақала ұсынылатын болады; R.equi инфекцияларына қарсы вакцинаны енгізу актісі, сондай-ақ ҒЖБССҚЕК (КОКСНВО) базасындағы отандық басылымда бір мақала жарыққа шығады
Жарияланымдар тізімі (оларға сілтемелермен) және патенттер
1. Ильгекбаева Г.Д., Отарбаев Б.К., Касымов Е.И., Занилабдин М.З., Валиева Б.А., Курман С. Сбор и проведение бактериологического исследования материала из коневодческих ферм для выделения культуры Rhodococcus equi //Сборник трудов Международной научно-практической конференции “Состояние и перспективы развития ветеринарии и животноводства в Республике Казахстан”, посвященной 80-летию академика НАН РК, доктора ветеринарных наук, профессора Сайдулдина Тлеуберды. 2023. - С.62 – 69.
2. Kassymov Y., Uslu A., Otarbayev B., Sayin Z., Balevi A., Ismagulov Y., Ilgekbayeva G., Ilban A., Erganis O. Sero-epidemiology of the Rhodococcus equi in horses in Eastern Kazakhstan //Eurasian Journal of Veterinary Sciences, 2023, 39, 2, XX-XX. DOI: XXX/EurasianJVetSci.2023.x. www.eurasianjvetsci.org
3. G.D. Ilgekbayeva, B.K. Otarbaev, Y.I. Kasymov, M.Z. Zanilabdin, G.K. Musaeva, S.Kurman, A.K. Ilgekbayeva. Biological characteristics of Rhodococcus equi isolated in the Republic of Kazakhstan //Herald of Science of S.Seifullin Kazakh Agrotechnical Research University: Veterinary Sciences. – 2023. - №2(002). – Р.27-35. Doi.org/10.51452/kazatuvc.2023.2.(002).1424.
Потенциалды пайдаланушыларға арналған ақпарат
Біздің зерттеулеріміздің түпкі мақсаты - құлындарда Rhodococcus equi инфекциясына қарсы тиімді вакцина жасау. Осы зерттеуде әзірленген вакцинаның тиімділігін анықтау үшін құлындарды қолданар алдында алғашқы қадам ретінде вакцинаны жануарлардың тәжірибелік инфекция үлгісінде зерттеу қажет. Жаңадан табылған R.equi вирулентті VAPN-оң штаммы (pVAPN штаммы) құлындарға ұқсас ешкілерде іріңді пневмонияны тудырады және бұл ешкіні инфекцияның тәжірибелік үлгісі ретінде пайдалана отырып құлындағы аурудың көрінісін қайталауға мүмкіндік береді. Осылайша, осы зерттеудің мақсатына жету үшін вакцинаны бағалау жүйесі ретінде алдымен ешкі инфекциясының моделі қарастырылады.
Отарбаев Бауыржан Камалович
Ғылыми дәрежесі, атағы: ветеринария ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор
ORCID: /0000-0002-8280-367Х
Касымов Еркен Игенбаевич
Ғылыми дәрежесі, атағы: ветеринария ғылымының докторы, профессор
Scopus Author ID: 48861376200
ORCID: 0000-0001-7166-9500
Мауланов Амангельды Заманович
Ғылыми дәрежесі, атағы: ветеринария ғылымының кандидаты, профессор
Scopus Author ID: 55791760300
Researcher ID: 55791760300
ORCID: 0000-0003-2896-3821
Мусаева Гульжан Каленовна
Ғылыми дәрежесі, атағы: PhD
Scopus Author ID: 57222992177
ORCID: 0000-0003-1361-0628
Сабырбекова Шынар Касенкызы
Ғылыми дәрежесі, атағы: Ветеринария магистрі
ORCID: 0000-0002-6290-8474
Даниял Аяулым Құрметқызы
Ғылыми дәрежесі, атағы: Ветеринария магистрі
ORCID: 0000-0003-4504-3795
Занилабдин Макпал Занилабдыкызы
Ғылыми дәрежесі, атағы: Ветеринария магистрі, докторант
Құрман Серікжан
Ғылыми дәрежесі, атағы: Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, докторант
Зикибаева Карлыгаш Бейбетовна
Ғылыми дәрежесі, атағы: Ветеринария магистрі, докторант