Жоба жетекшісі
Сарсембаева Нуржан Билтебаевна
Ғылыми дәрежесі, атағы: ветеринария ғылымдарының докторы, профессор
Scopus Author ID: 55928669100
Researcher ID: FXP-2929-2022
ORCID: 0000-0002-3501-3720
Жоба туралы
Өзектілігі
Қазіргі таңда құс шаруашылығы өнімділігі жоғары құстарды өсіру бағытындағы өнеркәсіптік негізде жүзеге асырылуда.
Құстардың қоршаған ортадан оқшаулап өсіру нәтижесінде «табындық патологияның» немесе құс шаруашылығын «индустрияландыру» сияқты аурулар қарқынды түрде дамуда.
Осындай жағдайларда құстардың табиғатпен байланысының негізін азықтық жем құрайды. Қазақстандағы «Бақыршық» кен орнының шунгитінің құрамында темір, магний, көміртек, кремний және басқа да макро және микроэлементтер бар. Оның ішкі энергиясы жоғары болып келетін метастабильді күйдегі глобулярлы молекулалы құрылымы бар графиттелмеген көміртектің болуы шунгитке таңғажайып емдік қасиеттер береді.
Жоба идеясы: Қазақстандық белсенді шунгиттер негізінде жаңа азықтық қоспаларды әзірлеу мен фармакотоксикологиясы және оларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау.
Мақсат
Бақыршық кен орнының белсенді шунгиттері (ББШ) негізінде азықтық қоспаларды әзірлеу мен фармакотоксикологиясы және оларды пайдалану кезінде құс шаруашылығы өнімдерін ветсанитариялық бағалау.
Жобаның перспективасы Қазақстанның жергілікті минералдық шикізаты болып табылатын ББШ негізінде әзірленген жаңа пребиотикалық қоспалар құс шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
1.Құс шаруашылығы үшін азық дайындауға арналған белсенді шунгиттердің шикізатын өндіруге қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар мен технологиясы зерттеледі.
2.Азық дайындауға арналған шунгиттің (ББШ) 4 белсенді үлгісінің технологиялық қасиеттері зерттеледі:
1) механикалық-химиялық тәсілмен белсендірілген шунгит
2) белсендірілген шунгит флотоконцентраты
3) бу-газ қоспасымен белсендірілген шунгит
4) қышқыл-негіз әдісімен белсендірілген шунгит
3.Бройлерлер мен тауықтарға арналған белсенді шунгит негізінде әзірленген қоспалардың оңтайлы құрамы анықталады.
4.Бройлерлер мен мекиен тауықтарға арналған ББШ, ет-сүйекті және балық ұны негізіндегі ақуызды-минералды азықтық қоспа дайындалады.
5.Зертханалық жануарлардың және бройлерлер мен мекиен тауықтардың ағзасына ББШ негізінде дайындалған функционалдық қоспалардың тәжірибелік үлгілерінің әртүрлі мөлшерінің фармако- токсикологиялық әсері зерттеледі.
6.ББШ негізінде дайындалған функционалдық қоспаларды қолдану кезіндегі зертханалық жануарлардың және бройлерлер мен мекиен тауықтардың ішкі мүшелеріне гистологиялық зерттеулер жүргізіледі.
7.ББШ негізінде дайындалған азықтық қоспаларды пайдалану кезіндегі құс шаруашылығы өнімдері ветеринариялық-санитариялық бағаланады.
8.Белсенді шунгит негізінде дайындалған жаңа азықтық қоспаларды пайдаланған кездегі құрама жем мен ет және жұмыртқа құрамындағы ауыр металдардың, пестицидтердің және микотоксиндердің мөлшері анықталады.
9. Ет және жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығында белсенді шунгит негізінде дайындалған азықтық қоспаларды пайдалану бойынша тәжірибелік ұсынымдар әзірленеді.
Потенциалды қолданушыларға арналған ақпарат
Зерттеу тобының кадрлық әлеуеті және материалдық-техникалық база жобаның барлық міндеттерін орындауға мүмкіндік береді. Осы жоба шеңберінде әзірленген ветеринариялық азықтық препараттар коммерцияландыру үшін және өнеркәсіптік құс шаруашылығындағы ауыр металдардың кері әсерін төмендетуде өте перспективті болып табылады.
Зерттеу тобының мүшелері Ефремов Сергей Анатольевич Ғылыми дәрежесі, атағы:химия ғылымдарының докторы, профессор Scopus Author ID: 57349110200 Researcher ID: B-1178-2015 ORCID: 0000-0002-3542-4140 Нечипуренко Сергей Витальевич Ғылыми дәрежесі, атағы: техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Scopus Author ID: 56195843600 Researcher ID: A-4695-2015 ORCID: 0000-0002-7463-1679 Абдигалиева Толкын Бакытовна Ғылыми дәрежесі, атағы: PhD, қауымдастырылған профессор Scopus Author ID: 57194459355 Researcher ID: EJA-6882-2022 ORCID: 0000-0002-1404-8852 Утепова Зура Аскаровна Ғылыми дәрежесі, атағы: экономика ғылымдарының магистрі, докторант Scopus Author ID: 57217285476 Researcher ID: CHS-4067-2022 ORCID: 0000-0003-3720-7737 Апдраим Гүлбану Апдраимқызы Ғылыми дәрежесі, атағы: ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, докторант ORCID: 0000-0002-7876-7629 Омаркулова Жанипа Куановна Ғылыми дәрежесі, атағы: «Фармация» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының магистрі, докторант ORCID: 0000-0002-7771-7371