Жоба жетекшісі
Хазимов Қанат Мұхатұлы
Ғылыми дәрежесі, атағы: Ph.D
Scopus Author ID: 56469755000
Researcher ID: AAO-3649-2021
ORCID: https://orcid.org/0000-0001-8292-6349
Жоба туралы
Өзектілігі
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының АӨК алдында тұрған стратегиялық міндеттердің бірі болып табылады, оны шешу халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулық жағдайын жақсартуға, отандық аграрлық секторды дамытуға мүмкіндік береді. Сүтті мал шаруашылығында өнімділікті арттыру үшін жем рационының негізгі бөлігін шырынды жем алады, оның ішінде сүрлем 65% құрайды. Сүрлемді дайындау және сақтау кезінде қолданылатын әдістердің жетілмегендігіне байланысты жем шығыны 5-тен 35% - ға дейінгі аралықты құрайды. Сондықтан, негізгі мал азығының жеткіліксіз қоректік құндылығы мен техникалық базаның жоқтығынан оны сақтаудың күрделілігі сүтті мал шаруашылығы рентабельділігінің төмендеуіне әкеледі. Жобаның идеясы – вакуумдалған контейнерлерде сүрлем әзірлеу үшін мобильді агрегаттың жаңа үлгісін жасау арқылы, сүрлем массасын жинау және сақтау кезінде шығындарды болдырмау.
Мақсаты
Тасымалданатын жұмсақ вакуумды контейнерлерді пайдалана отырып, жылжымалы агрегатта сүрлемдік азық дайындау және сақтау технологиясының тиімділігін арттыру арқылы ет-сүтті мал шаруашылығының рентабельділігін арттыру
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Мал шаруашылығын ұтымды жүргізу шаруашылықтың тиімділігіне айтарлықтай әсер ететін бірқатар артықшылықтарға ие: өндірістік, технологиялық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық. Экономикалық тиімділік тұрғысынан заттай және құндық мәнде тауарлық өнімнің шығу көлемінің ұлғаюы, еңбек өнімділігінің, жалпы кірістің, пайданың, өндіріс рентабельділігінің өсуі күтіледі. Әлеуметтік тиімділік тұрғысынан мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің ұлғаюы мал шаруашылығында жұмыс күшін пайдаланудағы маусымдық ауытқуларды бәсеңдетуге ықпал ететін болады.
Жарияланымдар тізімі және патенттер
1.ҚР өнертабысына патент: "Сүрлемді жемді дайындау және сақтау тәсілі" № 35668, 20.05.2022, Бюл. №20.
2.Пайдалы моделіне патент : № 7437 "Сүрлем жинайтын комбайннан ұсақталған массаны қабылдауға арналған көлік құралы (контейнер тасымалдайтын көлік)" 09.09.2022 ж. бюл. №36.
3.Мақала: Ақтаева С.Ш., Жалелов Е.М., Хазимов Ж.М. Вакуумдық контейнерлерде сүрлемді дайындау үшін 2ПТС-4 тіркемеге жабдықты орнату әдісі// Қазақстанның ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қайраткері, академик Қ.С.Сабденовтың 90 жылдығына арналған жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жинағы. «Ғылымдағы сабақтастық – аграрлық ғылым мен өндірістің тұрақты дамуының негізі» – Алматы, 2023.- б. 136 -140.
Әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат
Әзірленген технология мен механикаландыру құралдары нарықты Қазақстан халқын сауықтыруға қажетті арзан сүт және етпен толтыруға мүмкіндік береді және елдің азық-түлік қауіпсіздігін арттырады
Зерттеу тобының мүшелері
1. Мохаммад Садек
Ғылыми дәрежесі, атағы: Ph.D
Scopus Author ID: 53864062700
Researcher ID: AAW-7414-2020
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-1671-9568
2. Хазимов Жанат Мукатович
Ғылыми дәрежесі, атағы: Ph.D
Scopus Author ID: 56469634800
Researcher ID: GFV-5002-2022
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-1671-9568
3.Сагындыкова Жадыра Бауржановна
Ғылыми дәрежесі, атағы: Ph.D
Scopus Author ID: 57204969570
Researcher ID: DZE-3850-2022
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-2969-0127
4.Жумагалиев Еламан Русланулы
Ғылыми дәрежесі, атағы: магистр