Жоба жетекшісі
Ғалымбек Қанат
Жоба туралы
Өзектілігі
Дүние жүзінің көптеген елдеріндегі сияқты Қазақстанда да жеміс-жидек дақылдарының ішіндегі ең маңыздысы алма ағашы болып табылады. Қазақстанның негізгі жеміс өнімдерін беретін аймақтары оңтүстік облыстар – Оңтүстік Қазақстан – 18 024,6 га, Алматы облысы – 16 180,7 га және Жамбыл облысы – 5 794,7 га. Бұл аумақтардың климаттық жағдайлары шетелдік өнімдермен бәсекеге төтеп бере алатын жоғары сапалы жемістерді өсіруге қолайлы. Жеміс дақылдарының заманауи селекциясының негізгі міндеттерінің бірі – кешенді, құнды биошаруашылық белгілерімен қатар аса маңызды ауруларға төзімді сорттарды құру. Қазақстанда алма ағаштарының ең көп тараған зиянды аурулары Venturia inaequalis және Podosphaera leucotricha саңырауқұлақтары қоздыратын таз-қотыр және ақұнтақ болып табылады. Таз-қотырдың залалдауынан алма өнімінің төмендеуі кем дегенде 40% болуы мүмкін, ал жаппай таралу жылдары бүкіл өнім дерлік жоғалуы мүмкін. Аса зиянды ауруларға төзімді өсімдіктерді өсіру әрқашан селекцияның негізгі міндеттерінің бірі. Сондықтан патогенге төзімділікті генетикалық тұрғыдан анықтау, бағалаудың оңтайлы әдісі және әрқашан сұранысқа ие. Селекциялық процесті күшейту қажеттілігіне байланысты генетикалық әдістерді қолданған жөн.
Жобаны зерттеуде фитопатологиялық, селекциялық және молекулярлық тәсілдерді пайдалана отырып, көпсалалы сипатқа ие. Тапсырманы жүзеге асыру Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының аумағы арқылы тау етегі мен жазық дала аймағының белгіленген маршруттарына сәйкес экспедициялық сапарларды ұйымдастырумен байланысты. Бұл кезеңде тексерілген алма сорттарының ауруға төзімділік дәрежесі анықталады. Саңырауқұлақ ауруларына төзімді алма сорттарының скринингі, зерттеудің әртүрлі нүктелеріндегі изоляттарды сипаттауға көмектеседі. Қазақстандық және шетелдік сорттарды пайдалану Vri және Pl төзімді гендері бар перспективті сорттарды таңдауға мүмкіндік береді. Қазақстанда алғаш рет алма ауруларына төзімділік көздерін іздеу үшін молекулярлық тәсіл қолданылатын болады.
Алынған нәтижелердің қолданылу мүмкіндігі маркерлік селекцияның жаңа технологиясын пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі, ал алма сорттарының ауруға төзімділін енгізуді нәтиженің коммерциялығы қамтамасыз етеді. Әлеуетті тұтынушылар Қазақстан мен ТМД елдерінің шаруашылықтары, селекциялық ғылыми-зерттеу институттары мен университеттері болып табылады
Мақсаты
ДНҚ-маркерлік технологияның көмегімен алма ағащының саңырауқұлақ ауруларына төзімді сорттарын іріктеу және молекулалық скрининг жасау.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Жобаны іске асыру нәтижесінде мынадай нәтижелер алынатын болады:
1. Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында саңырауқұлақ ауруларының таралу және даму ауқымы айқындалатын болады. Зерттелген алма сорттары мен тамыр сабақтарында алма ағашының саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштарының дамуы мен таралуы анықталады. Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының өнеркәсіптік жеміс бақтарында саңырауқұлақ ауруларының дамуы мен таралуы айқындалатын болады;
2. Саңырауқұлақ ауруларына төзімді алма сорттары анықталады. Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстары сияқты әртүрлі географиялық орындарда дала жағдайларында тұрақтылық айқындалатын болады; Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының жеміс бақтарындағы екпелерде саңырауқұлақ ауруларына төзімді алма сорттары іріктелетін болады;
3. Микробиологиялық әдістер негізінде саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштарының изоляттары сипатталады. Микробиологиялық талдау негізінде қотыр мен ұнтақты көгерудің қоздырғышы анықталады. Сондай ақ молекулалық маркерлерді қолдану арқылы аурудың қоздырғышы анықталады;
4. Саңырауқұлақ ауруларына төзімділік гендері анықталады, алма генотиптерінде. Алма ағашының төзімділік гендерін анықтау нәтижесінде саңырауқұлақ ауруларына төзімді алма сорттарының тізімі ұсынылады. Молекулалық скрининг 20 арнайы молекулалық маркерлерді пайдалана отырып, ПТР талдауы негізінде жүргізіледі;
5. Селекциялық процесті жетілдіру және екпелердің өнімділігін арттыру үшін саңырауқұлақ ауруларына төзімді алма сорттарын қолдану бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Нәтижесінде саланың шаруашылық жүргізуші субъектілеріне ауруға төзімді алма сорттарын өсіруге мүмкіндік беретін селекциялық жұмыстарға арналған ұсынымдар әзірленетін болады;
Жарияланымдар мен патенттер тізімі
K. Galymbek, A.K. Madenova*, S.B. Bakirov, B.Zh. Kabylbekova, A. Irkitbay, Zh. Aitymbet, D.I. Kaldybayeva, R. Abdikarimova, Bolat Munira Monitoring the distribution and development of apple scab (Venturia inaequalis) and powdery mildew (Podosphaera leucotricha) disease in the southern and southeast regions of Kazakhstan // Қарағанды университетінің Хабаршысы "Биология. Медицина. География" сериясы. №2(110)/2023.
DOI 10.31489/2023BMG2/38-45
Әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат
Аудандастырылған және перспективалы алма сорттарын генотиптеу сорттардың молекулярлық-генетикалық сипаттамаларын селекциялық жұмыстарға қосуға, генетикалық паспорттар жасауға, селекциялық жетістіктерді қорғауға, қазақстандық сорттарды халықаралық патенттеу және әлемдік нарыққа жылжыту үшін халықаралық талаптарға сәйкес қазақстандық сорттарға материалдар дайындауға мүмкіндік береді. ДНҚ-маркерлік талдауды қолдана отырып, қотыр мен ұнтақты көгеру қоздырғышына генетикалық төзімді алма сорттары мен тамыр сабақтарын анықтау қазақстандық жеміс өсіруді қазіргі деңгейге ауыстыруға, in vitro құнды генотиптермен халықаралық алмасуға мүмкіндік береді.