Жоба туралы
Жоба жетекшісі
Мусоев Асылбек Маилибоиевич
PhD
Scopus Author ID: 57604534400
Researcher ID: 57604534400
ORCID: 0000-0003-3389-4365
Өзектілігі
Қазіргі уақытта қарасан Қазақстанда тіркелген жануарлардың жіті жұқпалы ауруларының инфекциялық патологиясында, індет ошақтарының саны бойынша құтырықтан кейінгі екінші орында. Соңғы 10 жыл (2013-2022 жж.) аралығында қарасанның тіркелген ошақтарының санын талдау Қазақстан Республикасы аумағында бұл індеттің жыл сайын айтарлықтай таралуын (ошақтар саны 19-дан 81-ге дейін) және оның тұрақты сипатын көрсетті (қарасан ошағы тіркелмеген жыл болған жоқ). 2013-2021 жылдар аралығында тіркелген 394 індет ошағында қарасанмен 1031 бас ірі қара ауырып, жойылды. Ірі қара малдың қарасаны географиялық орны мен топырақ-климаттық жағдайына қарамастан Қазақстан Республикасының көптеген аймақтарында жиі кездеседі. Ауру дер кезінде анықталып, тиісті шаралар қабылданбаса, республиканың мал шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Індеттен таза емес шаруашылықтарда жануарлардың өліміне және эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге кеткен шығындарға байланысты қарасан үлкен зиян келтіреді. Жүргізіліп жатқан эпизоотияға қарсы шаралар мен жоспарлы профилактикалық егулерге қарамастан, аурудан қолайсыз аймақтарда қарасан күрделі мәселенің бірі болып қалуда.
Мақсаты
Жануарлардың патологиялық материалынан немесе қоршаған орта нысандарынан қарасан патогенін жылдам (5-10 минут ішінде) анықтауға, сондай-ақ ауру жұқтырған немесе вакцинацияланған жануарлар қанындағы спецификалық антиденелерді жедел анықтауға (3-4 сағат ішінде) арналған тәсілдер әзірлеу болып табылады.
Күтілетін және/немесе қол жеткізілген нәтижелер
) Жоба аясында алынған ғылыми зерттеулердің нәтижелері, Web of Science дерекқорындағы импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартильдегі немесе Scopus дерекқорында CiteScore бойынша кемінде 50 процентилі бар журналдарда кемінде 2 (екі) мақала жариялау;
2) Қазақстан патенттік ведомствосынан 2 патент (пайдалы модель) алынады;
3) Жануарлардың қарасанын диагностикалау әдістемесіне нормативтік-техникалық құжаттама (НТҚ) әзірленетін болады;
4) Орындалған жұмыс материалдары негізінде «Ветеринария» білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алу үшін 1 диссертация және 1 дипломдық жоба дайындалады және қорғалады.
Әлеуетті пайдаланушылар үшін ақпарат
«Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталығы» РМК, «Ветеринария» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары, колледждер және осы мәселелерді зерттейтін еліміздің ғылыми ұйымдары.
Зерттеу тобының мүшелері
Әбутәліп Әспен (ғылыми кеңесші)
в.ғ.д. профессор
Scopus Author ID: 57194565749
Researcher ID: AGP-1853-2022
ORCID: 0000-0002-2724-8220