Жоба туралы
Жоба жетекшісі
Омарбекова Үржан Жақатайқызы
ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент
Scopus Author ID: 57222511030
Researcher ID: 57222511030
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-2459-5438
Өзектілігі
ҚМПИ-на қарсы суббірлікті вакцинаны жасау және бақылау технологиясын әзірлеу өзекті тақырып. ҚМПИ-на қарсы арнайы профилактика құралдарын әзірлеу бойынша ұсынылған бұл жоба вакцина препаратын жасаудың мүлдем жаңа тәсілі болып есептелінеді. ҚР-да алғаш рет республиканың әртүрлі өңірлерінен бөлініп алынған ҚМПИ эпизоотиялық штаммдары зерттелетін болады, олардың нәтижелері бойынша суббірлік вакцинаны жасау үшін неғұрлым өзекті штаммдар іріктелетін болады. Алынған түпнұсқа штаммдар ҚР-да көрсетілген инфекцияның эпизоотиялық ошақтарын жедел диагностикалау кезінде стандартты антигендер дайындау үшін де пайдаланылуы мүмкін.
Мақсаты
Қазақстан өңірлерінде құстар арасында айналымдағы ҚМПИ штаммдарын бөліп алу және олардың биологиялық қасиеттері мен молекулалық-генетикалық құрылымын зерттеу, вакцина дайындау үшін кандидаттар ретінде өзекті "далалық" изоляттарды іріктеу және осы инфекцияға қарсы суббірлікті вакцинаны әзірлеу.
Күтілетін және қол жеткізілген
1. ҚР аумағында ҚМПИ вирусының ең көп таралу аймағын анықтау мақсатында эпизоотологиялық мониторинг жүргізіліп, инфекцияның үдеріс динамикасына әсер ететін қарқындар мен қауіп факторларының тенденциялары айқындалды, эпизоотологиялық мәліметтерді жинау және талдау нәтижесінде 2019-2023 жылдардағы ҚР аумағында құстардың жіті инфекциялық ауруларының нозологиялық профилі анықталынды.
Құстардың метапневмовирусының эпизоотиялық жағдай анықталынып, осы індеттің ҚР аумағында тіркелу қарқындылығына қарай аудандастырудың эпизоотиялық картасы жасалынды.
2. ҚР аумағында құс өсіретін шаруашылықтарынан метпневмовируспен ауырған және ауруға күдікті құстардан алынған биологиялық материалдар үлгілерінен метапневмовирус қоздырушысы Pneumoviridae бөліп алу мақсатында Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Атырау және Маңғыстау облыстарына іс-сапарға барып, одан 1375 биологиялық материал сынамалары алынып, «Молекулярлық вируcология және вирустан қорғану биотехнологиясы» зертханасына жеткізілді.
3. Құстардың метапневмовирусын оқшаулау үшін 10-11 күндік СПФ тауық эмбриондарынан алынған бастапқы трипсинизацияланған жасуша өсіні және дамылсыз өсетін Vero жасушасы пайдаланылды. Кезекті пассаж жүргізе отырып, біз өсіндердің моноқабатында цитопатогендік әсердің күшеюін байқадық, ол моноқабаттың шектеулі бөліктеріндегі жасушалардың дөңгелектенуімен, залалдағаннан кейін 3-4 күн ішінде оларда цитоплазмалық түйіршіктердің пайда болуымен көрінді. 6-7-ші күні жасушалардың дегенерациясы 70-80% - бен байқалды, содан кейін кейбір бөліктерінде синцитий пайда болды, бұл құстардың метапневмовирусына тән цитопатогендік әсерінің белгісі. Осылайша, вирусологиялық зерттеуде мәжбүрлі түрде өлтірілген және өлген құстан алынған патоматериалдан құс метапневмовирусының изоляты Vero жасушаларында және тауық эмбриондарының фибробласттарында оқшауланды
4. ҚМПИ вирустарының биомассасын алудың оңтайлы схемаларын пысықтағаннан кейін біздің алдымызда вириондардың антигендік құрылымдарын барынша сақтай отырып, вирустардың инфекциялық қасиеттерін толық басуды қамтамасыз ететін тиімді инактивациялаушы затты, оның концентрациясын және оңтайлы инактивация параметрлерін таңдау міндеті тұрды.
Инактивациялау процесі вирустың инфекциялық белсенділігін толық тоқтатуымен қатар, оның антигендік құрылымдарын сақтауды қамтамасыз етеді. Оны іске асыру үшін әртүрлі химиялық, физикалық әдістер қолданылды. Зерттеу жұмыстарының барысында, аминоэтил этиленимин димері (ДЭИ) негізінде құстардың ҚМПИ вирустарының инактивациясының шарттары зерттеліп, нәтижесінде инактивация әсерінің тиімділігі ДЭИ концентрациясына тікелей байланысты екендігі анықталды.
Әлеуетті пайдаланушылар үшін ақпарат
Қазақстан Республикасында жаһандық тренд болып табылатын вакцина профилактикасын дамытуға мүмкіндік береді және осы салада жаңа білім мен тәжірибені меңгеруге, ең бастысы, жоғары иммуногендік, қорғаныш қасиеттері бар ҚМПИ-на қарсы инновациялық суббірлікті вакцинаны алу үшін әдістеме әзірлеуге ықпал етеді. Алынған биологиялық өнім республика аумағында метапневмовирусты инфекция қоздырғышының таралуына бақылау орнатуға мүмкіндік береді. Ұсынылған жоба идеясы мен бұрыннан бар әзірлемелер арасындағы түбегейлі айырмашылық тиімді суббірлікті вакцинаны өндіру болып табылады.
Орындалған жұмыс ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, университеттің ғылыми-техникалық әлеуетін және жас ғылыми кадрларды даярлауды арттыруға ықпал етеді. Суббірлікті вакцинаны әзірлеуде алынған нәтижелер басқа инфекцияларды дауалау кезінде ұқсас тәсілдер мен әдістерді қолдануға перспектива береді. Зерттеу нәтижелері нақты профилактикалық препараттарды жасаудада биотехнологияның соңғы жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік береді және ғылыми-инновациялық қызметтің заманауи үлгісін қалыптастыруға ықпал етеді.
Зерттеу тобының мүшелері
1. Мусоев Асылбек Маилибоиевич
musoev.a@mail.ru
PhD
Scopus Author ID: 57604534400
Researcher ID: 57604534400
ORCID: 0000-0003-3389-4365
2. Әбутәліп Әспен
aspen_vet@mail.ru
ветеринария ғылымдарының докторы, профессор
Scopus Author ID: 57194565749
Researcher ID: AGP-1853-2022
ORCID: 0000-0002-2724-8220
3. Мусина Галия Шайхислямовна
gmussina@univet.kz
ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент
Scopus Author ID: 56271654800
Researcher ID: 56271654800
4. Каймолдина Сайра Есимбаевна
sayra_kaymoldina@mail.ru
Ph.D. докторант
Scopus Author ID:58513927800
Researcher ID: 58513927800
ORCID: 0000-0002-7658-5805
5. Базарбаев Рыскелди Кантореевич
riko_002kz@mail.ru
ветериния ғылымдарының магистрі
Scopus Author ID: 57604534400
Researcher ID 57604534400
ORCID: 0000-0003-3389-4365
6. Мұхаметқалиев Айдар Қайратұлы
mukhametkalievaidar@gmail.com
ветеринария ғылымдарының магистрі
Researcher ID: rid96792
ORCID: 0009-0009-4261-5330