Жоба туралы
Жоба жетекшісі
Үсенбеков Есенғали Серікұлы
биология ғылымдарының кандидаты, профессор
Scopus Author ID: 56465995700
Researcher ID: rid93491
ORCID: https://orcid.org/0000-0001-9508-4179
Өзектілігі
Түйелердің көбеюі жөніндегі деректер әлі де болса аз зерттелген және бірыңғай емес. Түйелерде көбею маусымдылығы, жыныстық жетілудің кешігуі, репродуктивті органдардың анатомиясының өзіндік ерекшеліктері, шырыш ағудың және эстралдық циклдің әлсіз байқалуы, овуляцияның индукцияланған сипаты сияқты қызықты ерекшеліктері бар. Сонымен қатар, түйелерде буаздық тек жатырдың сол жақ тармағында болуы, буаздық болмаған кезде сары дененің тез ыдырауы, буаздықтың ана организмімен ерте танылуы, қайығаннан кейін буаздықтың 15-ші күніне дейін құйрықты жоғары көтеру, шудың диффузды бөлінуі және буаздықтың ұзағырақ (12-13 ай) болуы сияқты тағы басқа қызықты ерекшеліктері бар.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, эмбрионның жатырға телінуі жатырдың буаз тармағында IFN түзілуімен байланысты емес және плацентарлы байланыстың қалыптасуы кезінде классикалық интерферонмен ынталандырылған гендердің (ISG) секрециясы әсер етеді. Түйелерде овуляция коитус болғаннан кейін болады, зерттеу нәтижелері бойынша бураның шәуетінің плазмасында овуляцияны тудыратын фактор бар. Овуляцияны тудырушы фактор (OIF) - бұл бура шәуетінің плазмасында болатын ақуыз, ол жақында жүйкенің өсу факторы (NGF) ретінде анықталған. Ол түйелерде овуляцияның жоғары жиілігін туындатып қана қоймай, сонымен қатар, оның лютеотрофиялық қасиеттері бар.
Мақсаты
Түйелерде буаздықты тану үдерістерін, прогестерон секрециясын, эмбрион телінуін, сары дененің қантамырлануын рейттейтін гендер экспрессиясының деңгейін зерттеу, сандық ПТР әдісімен ооцит апоптозының этиологиясын зерттеу, жыныстық гормондардың концентрациясының өзгеруін және эстралдық цикл кезінде фолликулдардың өсу динамикасын анықтау, түйелерде овуляцияны индукциялау үшін әртүрлі OIF қолдану нобайларының тиімділігін зерттеу.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Қазақстан Республикасында алғаш рет дромедар тұқымды түйелерде буаздықты тану, эмбриондардың теліну үдерістерін, сары дененің қантамырлану дәрежесін бақылайтын - IGFI, VEGFA, FOS, JUN, Β-ACTIN гендерінің экспрессиясының бейіні айқындалатын болады. Алынған білім түйелердегі эстралдық циклді және овуляцияны индукциялау әдісін теориялық тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік береді, буаздықтың басталуының молекулалық механизмдері ашылады, эмбриондардың теліну үдерістерін реттеудегі және плацентарлық жүйенің дамуындағы жеке үдерістердің рөлі ашылады.
Қолданбалы аспектіде түйелерде овуляцияны индукциялау тәсілдерін әзірлеу маңызды болып табылады, осы мақсатта бұлшықет ішіне инъекция түрінде тазартылған OIF фракциясын қолданудың тиімділігі, овуляцияны индукциялау үшін эякулят плазмасын қынапішіне енгізу тиімділігі зерттеледі, түйелерде эстралдық циклді және овуляцияны индукциялау үшін кисспептинді қолданудың тиімділігі жөнінде мәліметтер алынады. Түйелердің жыныстық циклінің қозу сатысының гормоналды бейінін анықтау бойынша алынған теориялық нәтижелер ҚазҰАЗУ оқу үдерісіне пайдаланылатын болады.
Әлеуетті пайдаланушылар үшін ақпарат
Жобаны орындаушылар келесі қызметтер көрсете алады: түйелердің буаздығын ректалді жолмен балау, түйелердің буаздығын зертханалық әдістермен балау (ИФТ әдісімен прогестеронды анықтау), түйелердің аналық жыныстық бездері патологияларын ультрадыбыстық зерттеулермен балау.
Зерттеу тобының мүшелері
1.Койбагаров Канат Уканович
ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Scopus Author ID: 57204221875
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-5639-1798
2.Тургумбеков Асет Абдымаратович
PhD, аға оқытушы
ORCID: https://orcid.org/0000-0001-6205-909X
3.Касымбекова Шинара Николаевна
Ветеринария ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
Scopus Author ID: 57202643050
Researcher ID: AAF-7874-2021
ORCID: https://orcid.org/0000-0003-2992-8817
4.Хизат Серік
Ветеринариялық медицина ғылымдарының магистрі
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-3364-7228
5.Муслимова Жадыра Умирбеккызы
ауылшаруашылығы ғылымдарының магистрі
Scopus Author ID: 35749360800
ORCID: https://orcid.org/0000-0003-4043-3823
6.Терлецкий Валерий Павлович
биология ғылымдарының докторы, профессор
Scopus Author ID: 35749360800
ORCID: https://orcid.org/0000-0003-4043-3823