Жоба жетекшісі
ТАӘ: Серикбаева Асия Демеухановна
Телефон: +7 777 256 5375
Электронды пошта: serikbayeva@yandex.ru
Ғылыми дәрежесі, атағы: биология ғылымдарының докторы, профессор.
Scopus Author ID: 57194223527
Researcher ID: IYI-7162-2023
ORCID: 0000-0003-4632-7343
Жоба туралы
Гранттың мерзімі мен сомасы
Жобаның орындалу мерзімі - 2024-2026 жж.
Гранттың жалпы сомасы - 341 660 007,18 тг,
оның ішінде жылдар бойынша:
2024 ж. – 96 660 007,18 тг
2025 ж. – 175 000 000 тг
2026 ж. – 70 000 000 тг
Маңыздылығы
«Бие сүтінен емдеу-алдын алу өнімдерін өндіру» жобасы ғылыми жаңалыққа және бірнеше аспектіде өзектілікке ие:
1. Жоба ұлттық стильдегі «Орда» туристік кешенін құрумен бие сүті негізінде өнім өндірісін бірегей үйлестіруді көздейді, бұл өнімді тұтынушылар аудиториясын кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар ауылдық аумақтарды дамытуды және өңірге инвестициялар тартуды ынталандыратын тартымды туристік бағыт құруға мүмкіндік береді.
2. Жоба қымыз өндірісінің дәстүрлі әдістерін заманауи технологиялық әзірлемелермен біріктіреді. Қымыз түрлерін жасау үшін табиғи бал мен дәрілік шөптер сығындыларын қосу өнімге жаңа дәмдік қасиеттер беріп қана қоймай, пайдалы қасиеттер спектрін кеңейтеді, бұл оны салауатты өмір салтын және дәстүрлі медицинаны сүйетіндерді қоса алғанда, кең аудитория үшін тартымды етеді.
Сондай-ақ, жоба нарық пен денсаулыққа байланысты бірнеше маңызды мәселелерді шешеді:
- Дұрыс тамақтануға арналған өнімдердің әртүрлілігі: Бие сүті өзінің бірегей қоректік қасиеттерімен және пайдалы заттардың жоғары болуымен белгілі. Жоба осы бағалы шикізат негізінде ферменттелген өнімдердің кең спектрін ұсына отырып, тұтынушылардың рационын әртараптандыруға мүмкіндік береді.
- Бие сүтінен жасалған өнімдерді денсаулықты сақтау және әртүрлі аурулармен күресу үшін емдеу және алдын алу құралдары ретінде пайдалануға болады.
- Бие сүтін өндіру жылқы өсіруді талап етеді, бұл ауылдық аудандарды дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етуі мүмкін.
- Сондай-ақ биенің сүтін экологиялық және этикалық стандарттарды ескере отырып алуға болады, бұл орнықты өндіріске және қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға ықпал етеді.
Жоба бие сүтінен жасалған өнімдер үшін нарықтың жаңа сегментін құруы мүмкін, бұл тұтынушылар үшін қолжетімді өнімдер ассортиментін кеңейтуге және нарықтағы бәсекелестіктің ұлғаюына алып келеді, бұл өз кезегінде сүт өнімдері бағасының төмендеуіне ықпал етеді.
Мақсаты
Бие сүтінен емдеу-алдын алу өнімдерін өндіру жөніндегі инновациялық кәсіпорын құру және салауатты өмір салтын ілгерілетуге және мәдени мұраны сақтауға бағытталған бірегей ұлттық колориті бар «Орда» этнографиялық кешенін ұйымдастыру.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Жобаның нәтижесі бие сүтінің негізінде ферменттелген емдеу-алдын алу өнімдерінің өндірісін құру және дамыту және оларды нарыққа табысты енгізу болады; жергілікті дәстүрлер мен соңғы ғылыми зерттеулерге негізделген жоғары сапалы дұрыс тамақ ұсынатын этникалық өзіндік кешен құру.
Потенциалды пайдаланушылар үшін ақпарат
Инновациялық технологиялар негізінде жасалған диеталық (емдік және профилактикалық тамақ) өнімдердің жаңа түрлері тұтынушылардың дұрыс тамақтануына арналған.
Жоба Қазақстан Республикасында дұрыс тамақтану нарығының сегментін кеңейту үшін бие сүтінен жасалған өнімдер ассортиментін құруға бағытталған.
Қазақстанда қышқыл сүт диеталық өнiмдерi танымал және көп мөлшерде тұтынылатынын ескере отырып, жақсартылған сападағы және жоғары тағамдық құндылығы, диеталық емдеу-алдын алу мақсатындағы өнiмдердi шығару көмегiмен аурулардың әртүрлi түрлерiнiң алдын алуды нақты және тиiмдi жүргiзуге мүмкiндiк туады.
Зерттеу тобының мүшелері
1.ТАӘ: Сугирбаев Алим
Ғылыми дәрежесі, атағы: ауылшаруашылғы ғылымдарының кандидаты
Scopus Author ID: -
Researcher ID: -
ORCID: 0009-0009-9314-628X
2.ТАӘ: Сулейменова Жулдуз
Ғылыми дәрежесі, атағы: биология ғылымдарының кандидаты
Scopus Author ID: 56135914000
Researcher ID: AGJ-4802-2022
ORCID: 0000-0002-3996-4777
3.ТАӘ: Сериков Максат
Ғылыми дәрежесі, атағы:
Scopus Author ID:
Researcher ID:
ORCID :
4.ТАӘ: Турысбек Аятхан
Ғылыми дәрежесі, атағы: -
Scopus Author ID:-
Researcher ID:-
ORCID:-
5.ТАӘ: Аятхан Жанар
Ғылыми дәрежесі, атағы: -
Scopus Author ID:-
Researcher ID:-
ORCID:-