“Менің мамандығым, менің болашағым”
«Су шаруашылығы және мелиорация» мамандығының 1-курс студенттерімен «Менің мамандығым, менің болашағым» тақырыбында онлайн-офлайн форматта кураторлық сағат өтті. Бұл іс –шара ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында мазмұнды іс-шараның бірі болды. Бұл тағылымды кездесуге Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін «Су ресурстары және суды пайдалану», «Мелиорация, жерді баптау және қорғау» мамандықтарын бітірген, қазіргі таңда су шаруашылығында, білім беруде және мемлекеттік қызметте жұмыс жасайтын беделді тұлғалар шақыртылды. Атап айтар болсақ, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Қорағыты ауылдық округінің әкімі Диқанбаев Әділ Асқарханұлы, Түркия мемлекеті, Ondokuz Mayýs University PhD доктор дәрежесін алған, қазіргі таңда Жетісу университетінің ғылыми қызметкері Бакирова Айгерім, Алматы қаласы Энергетика және Сумен жабдықтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқындағы “Алматы Су” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкері Джарасова Джамал Табынбаевна келіп өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шарада Тұлғалық даму, Су шарушылығы саласындағы мамандарға қойылатын талаптар, Студент шақта үйрену керек әдеттер мен қасиеттер?,Шет елде білімді жалғастыру мәселелері сынды мәселелер қозғалып, пікір алмасу жүргізілді. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарды спикерлерге қойып, жауап алды. Болашақта ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатымен бітіруші түлектермен кездесулерді тұрақты түрде ұйымдастырып отыру келісілді.
Наурыз мерекесін студенттер мен студенттердің қатысуымен ұйымдастыру
"Су ресурстары және мелиорация" кафедрасының магистранттары үшінші курс студенттеріне тәрбие сабағын өткізді
«Су, жер және орман ресурстары» факультетінің 7M08610 – «Су ресурстарын кешенді пайдалану және басқару » білім беру бағдарламасы бойынша 1 курста оқитын магистранттары Даирбай Қ.Н, Оралбекрва Ж.Ж , Намазбаева Ұ.Б және ВР-21-16К тобының студенттері ұйымдастырған «14 – наурыз көрісу Амал мерекесі» атты іс-шарасы өткізілді.
14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді.
Наурыз мерекесін 1988 жылғы ресми мейрамдауды бастағалы бұрынғы 14 наурызда «Амал» атауымен мейрамдалып келген жаңа жыл мерекесі Наурызбен біріктірілді. Бір қызығы, қазақ наурызы 21 — 22 наурызда емес, 14 наурызда аталып келген және ол бейресми түрде елдің біраз өңірін қамтыған еді.
Іс-шараға "Кәсіптік оқыту" кафедрасының қауымдастырылған профессоры п.ғ.к. Г. Н. Скабаева және "Су ресурстары және мелиорация" кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Қ. Жанымхан қатысты. Сабақ өте қызықты өтті.