Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда цифрлық технология – басты құрал!.
Агроөнеркәсіптік секторды дамытудың басым бағыты нарықта сұранысқа ие мамандар әзірлеу. Осыған орай, университетімізде 2024-2025 оқу жылында «Су ресурстары және IT технологиясы» факультеті құрылды. Факультет су ресурстарын озық технологияларды пайдалана отырып тиімді басқаруды, сандық технологияларды игерген әлемдік деңгейдегі білікті мамандарды даярлауда білім алушыларға кеңінен жол ашады. Факультетте 1 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты, 12 PhD қызмет атқарады.
Факультет құрамында:
30+ | 450+ | 1800+ | 70+ |
профессор-оқытушылар құрамы | білім алушы | түлек | білім алушыларды тәжірибелік дайындау туралы шарттар мен ынтымақтастық туралы келісімдер |
Набиоллина Мадина Сагиоллаевна
ДеканНабиоллина Мадина Сагиоллаевна
Ауылшаруашылық ғалымдарының кандидаты, факультет деканының міндетін атқарушы
"Су ресурстары және IT-технологиялар"факультеті
Бердышев Абдурахим Сулейманович
директор
«Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ұлттық зерттеу университетінің («ТИАШМИИ» ҰЗУ) Алматы қаласындағы филиалы
Рябцев Анатолий Дмитриевич
директор, техника ғылымдарының докторы
Халықаралық су орталығы
Алдиярова Айнура Есиркеповна
меңгерушісі
"Cу ресурстары және мелиорация" кафедрасы
Макашев Ерлан Прмаганбетович
меңгерушісі
IT-технологиялар кафедрасы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне
ВР- 21-16к, ВР-21-17п, МР-21-18к топтарының атынан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесін құттықтап, кафедра оқытушылары (PhD, аға оқытушы Қалиева Қарлығаш және PhD, аға оқытушы Оңласын Ұлжан) қатысуларымен іс- шара аталып өтті, осы іс- шараға қатысып отырған оқытушылармен студенттер елеулі мереке тәуелсіздік күнін маңыздылғын өз әсерлерімен бөлісіп, тәулелсіздігіміздің маңгілік болуына тілектестіктерін білдірді, көк туымыздың биік жілбіреп, елтаңбамыз нақыштанып, Әнұранымыз асқақтай берсін деп тарқастық!
"Су ресурстары және мелиорация" кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жанымхан Құрманбек
“Менің мамандығым, менің болашағым”
«Су шаруашылығы және мелиорация» мамандығының 1-курс студенттерімен «Менің мамандығым, менің болашағым» тақырыбында онлайн-офлайн форматта кураторлық сағат өтті. Бұл іс –шара ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында мазмұнды іс-шараның бірі болды. Бұл тағылымды кездесуге Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін «Су ресурстары және суды пайдалану», «Мелиорация, жерді баптау және қорғау» мамандықтарын бітірген, қазіргі таңда су шаруашылығында, білім беруде және мемлекеттік қызметте жұмыс жасайтын беделді тұлғалар шақыртылды. Атап айтар болсақ, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Қорағыты ауылдық округінің әкімі Диқанбаев Әділ Асқарханұлы, Түркия мемлекеті, Ondokuz Mayýs University PhD доктор дәрежесін алған, қазіргі таңда Жетісу университетінің ғылыми қызметкері Бакирова Айгерім, Алматы қаласы Энергетика және Сумен жабдықтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқындағы “Алматы Су” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкері Джарасова Джамал Табынбаевна келіп өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шарада Тұлғалық даму, Су шарушылығы саласындағы мамандарға қойылатын талаптар, Студент шақта үйрену керек әдеттер мен қасиеттер?,Шет елде білімді жалғастыру мәселелері сынды мәселелер қозғалып, пікір алмасу жүргізілді. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарды спикерлерге қойып, жауап алды. Болашақта ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатымен бітіруші түлектермен кездесулерді тұрақты түрде ұйымдастырып отыру келісілді.
Аға оқытушы, PhD Оңласын Ұлжан Құанышбекқызы
Наурыз мерекесін студенттер мен студенттердің қатысуымен ұйымдастыру
"Су ресурстары және мелиорация" кафедрасының магистранттары үшінші курс студенттеріне тәрбие сабағын өткізді
«Су, жер және орман ресурстары» факультетінің 7M08610 – «Су ресурстарын кешенді пайдалану және басқару » білім беру бағдарламасы бойынша 1 курста оқитын магистранттары Даирбай Қ.Н, Оралбекрва Ж.Ж , Намазбаева Ұ.Б және ВР-21-16К тобының студенттері ұйымдастырған «14 – наурыз көрісу Амал мерекесі» атты іс-шарасы өткізілді.
14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді.
Наурыз мерекесін 1988 жылғы ресми мейрамдауды бастағалы бұрынғы 14 наурызда «Амал» атауымен мейрамдалып келген жаңа жыл мерекесі Наурызбен біріктірілді. Бір қызығы, қазақ наурызы 21 — 22 наурызда емес, 14 наурызда аталып келген және ол бейресми түрде елдің біраз өңірін қамтыған еді.
Іс-шараға "Кәсіптік оқыту" кафедрасының қауымдастырылған профессоры п.ғ.к. Г. Н. Скабаева және "Су ресурстары және мелиорация" кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Қ. Жанымхан қатысты. Сабақ өте қызықты өтті.
"ІТ-технология" кафедрасы студенттермен тек кәсіби дағдыларды ғана емес, сонымен қатар ақпараттық технологиялар саласындағы табысты мансапқа қажетті жеке қасиеттерді дамытуға бағытталған тәрбие жұмысына белсенді қатысады.
Жұмыстың маңызды бағыттарының бірі студенттердің бойында кәсіби қызметтің мәдениеті мен этикасын қалыптастыру, көшбасшылық және командалық дағдыларды дамыту, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілікке дайындық болып табылады. Кафедра студенттердің ой-өрісін кеңейтуге және оқытудың практикалық тәсілін қалыптастыруға ықпал ететін мастер-класстар мен дәрістер өткізуге сарапшыларды шақыра отырып, сыртқы ұйымдармен және кәсіпорындармен белсенді ынтымақтасады.
Сонымен қатар, кафедрада командалық рухты жақсартуға және студенттер арасында салауатты өмір салтын сақтауға ықпал ететін түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар өткізіледі. Бұл конкурстар, тақырыптық кештер, спорттық турнирлер және студенттердің кәсіби жағынан ғана емес, жеке жағынан да дамуына көмектесетін басқа да демалыс түрлері.
Патриоттық тәрбиеге, отандық білім мен ғылымның салт-дәстүрлері мен құндылықтарын құрметтеуді қалыптастыруға, сондай-ақ студенттердің университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына ерекше назар аударылады.
"ІТ-технология" кафедрасының тәрбие жұмысы студенттердің жеке басын жан-жақты дамытуға, олардың әлеуетін ашуға және кәсіби қоғамдастыққа табысты кіруге жағдай жасауға бағытталған.
Университет бойынша іс-шараларды ұйымдастыру процесінде жоспарлаудан бастап оны орындауға дейін кәсіби деңгей басты назарда болады. Тәрбие жұмысы осы жылдың тамыз айында кафедра отырысында құрылған және бекітілген жоспармен жүргізілуде. Отырыста кураторлар тағайындалды және оның жоспары бекітілді.
Спорттық іс-шараларға қатысқан кафедра оқытушылары мен студенттерінің жетістіктері.
2024 жылғы 04-19 қаңтар аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында "Денсаулық-2024" спартакиадасы өтті.
Дене шынықтыру және спорт кафедрасының, жергілікті кәсіподақтың қолдауымен тоғызқұмалдық, армрестлинг, волейбол, футзал, баскетбол, шахмат, үстел теннисі өткізілді. Аталған іс-шараға кафедра оқытушылары қатысты: Тойлыбаев Н.С., Дүйсен Заңғар, қыздар арасындағы қоян-қолтық күрес бойынша аға оқытушы Самбетқұлова Н.Н., 2 орын алған.
Тоғызқұмал ойынындағы қыздар арасында Емир Кады Оглу Айнур Нысанбаевна 1 орын алды. Қыздар арасында волейбол мен баскетболға қатысқан аға оқытушылар Самбеткулова Н.Н., Емир Кады Оглу Айнур Нысанбаевна волейболдан 1, баскетболдан 3 орын алды. Оқытушылар арасында 2 орын алды.
https://www.facebook.com/share/v/eZX9oFiSn7opuXKs/?mibextid=oFDknk
Алматы қ. "Наурыз" мерекесіне қатысу жөніндегі іс-шаралар
2024 жылғы 9 мамырда университет деңгейінде "Жеңіс мерекесіне" арналған мерекелік іс-шараға куратор Б. М. Дилмагамбетовамен бірге ВТ-21-14к тобы қатысты.
Куратордың студенттермен №1 "Болашақ" студенттік жатақханасында әңгімелесуі
https://www.facebook.com/share/v/3J6RJqQuvonqG2ma/?mibextid=oFDknk
"Таза Қазақстан" жобасы шеңберінде ұйымдастырылған қалалық сенбіліктерге қатысу жөніндегі іс-шаралар
21.11.2024 "Мамандығым-мақтанышым" тәрбие іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға "IT-технологиялар" кафедрасының меңгерушісі Е.П.Макашев, кафедра ұжымы және 6В06102 - "Ақпараттық жүйелер" білім беру бағдарламасының 1 және 4 курс студенттері қатысты.
Іс-шара студенттердің өз пікірін еркін білдіруді, басқалардың пікірін құрметтеуді, жүйелі ойлауды ояту, қоғамға қатысты азаматтық ұстанымды қалыптастыруды және патриотизмге тәрбиелену үшін әрбір мамандық қызықты және қиын екендігі туралы хабардарлықты арттыру мақсатында өткізілді.