KazNARU

КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН СӘЙКЕСТЕНДІРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2023 жылдың 1 науырызында «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі «Ауылшаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» мамандықтарының кадрларын даярлау бағыттары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігі-Жобаларды басқару тобының (бұдан әрі – ОӘБ-ЖБТ) мәжілісі офлайн/онлайн форматында өтті. Жинынға офлайн форматта 79, онлайн форматта 110 ОӘБ-ЖБТ мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде «Ауылшаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» мамандықтарының кадрларын даярлау бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын сәйкестендіру мәселесі қаралды.

Мәжілісті РОӘК ОӘБ-ЖБТ төрағасының орынбасары, ҚазҰАЗУ Академиялық мәселелер жөніндегі Атқарушы директор А.Қайырбаева салтанатты түрде ашып, жұмыс барысында өз ойларымен бөлісу үшін өзге ЖОО-нан келген, ОӘБ-ЖБТ мүшелері Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры С.Шегеновке, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы С.Ахановқа, Шәкәрім университеті «Ауылшаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының меңгерушісі К.Нұржановаға, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры К.Баязитоваға, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің PhD докторы Н.Какабаевқа, Алматы технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры Б.Джетписбаеваға сөз берілді.

«Ауылшаруашылығы» және биоресурстар», «Ветеринария» мамандықтарының кадрларын даярлау бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын сәйкестендіру мәселесін талқылау үшін сектор жұмыстары жеке сала бойынша секцияларға бөлініп, өзара талқыланып, жиынға қатысушылар бірауыздан ортақ шешім қабылдады. Атап айтсақ:

  1. «Ауылшаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» мамандықтарының кадрларын даярлау бағыттары бойынша білім беретін ЖОО арасында білім беру бағдарламалары сәйкестендірілді;
  2. «Ауылшаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» мамандықтарының кадрларын даярлау бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары унификацияланды;
  3. «Ауылшаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» мамандықтарының кадрларын даярлау бағыттары бойынша білім алушылардың ЖОО арасындағы ішкі Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру жұмыстары оңтайландырылып, жетілдірілді.
  4. Қазақстан Республикасындағы «Ауылшаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» мамандықтарының кадрларын даярлайтын 22 ЖОО арасында білім алушылардың ауысуы кезінде пән айырмашылықтарының болмауына қол жеткізілді;
  5. ЖОО арасындағы Республикалық пәндік олимпиядаға енгізілген пәндер осы қабылданған білім беру бағдарламаларына енгізілген базалық пәндерден құрастырылып, өткізілетін болды;
  6. Магистратураға түсу үшін тапсырылатын емтихан пәндері осы білім бағдарламаларында айқындалған базалық пәндер мен кәсіптік пәндерден жасақталатын болды;
  7. Жоғарыда аталған, унификацияланған білім беру бағдарламалары бойынша профессор-оқытушылар құрамын 22 ЖОО 2023-2024 оқу жылында 1 академиялық семестр бойы дәріс оқуға құқық беру де қарастырылып, қолдау тапты.

 


ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник