KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ «АГРОИНЖЕНЕРИЯ» ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНДА

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Инженерлік технологиялар» факультетінің «Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасы мен «Агроинженерия» ғылыми-өндірістік орталығы арасындағы дуалды білім беру келісім-шарты жасалған болатын.

Осы шарт негізінде «Аграрлық техника және технология», «Агроөнеркәсіптік кешеніндегі цифрлық технологиялар», «Машина жасау» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттері «Мал шаруашылығындағы агротехнологиялық машиналар», «Металкескіш станоктар» және «Кескіш аспап» пәндері бойынша аталған орталықта дуалды білім алуды жалғастыруда. Оқыту үдерісі теория мен практиканы ұштастыруға бағытталған.

✅ Осыған орай, кафедра меңгерушісі Ә.Ниязбаев пен қауымдастырылған профессор Қ.Қалымның жетекшілігімен «Аграрлық техника және технология» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанттары Д.Көшербай және О.Сейпаталиев педагогикалық практика аясында студенттерге тәжірибелік сабақтар өткізуде.

✅ «Агроинженерия» ғылыми-өндірістік орталығында студенттер агротехнологиялық машиналардың құрылысын, негізгі қызметін және жұмыс істеу принциптерін жан-жақты зерттеп, ауыл шаруашылығы техникаларын әзірлеу мен жетілдіру процесін тікелей бақылауды үйрене алады. Сонымен қатар, «Металл өңдеу өндірістік» цехында металл өңдеу технологияларын меңгеру мақсатында тәжірибеден өтуде. Бұл жерде қауымдастырылған профессор М.Тойлыбаевтың жетекшілігімен білім алушылар әртүрлі станоктарда, соның ішінде токарлық, фрезерлік және басқа да металл өңдеу жабдықтарында тәжірибелік жұмыстар жүргізуде. Осылайша нақты өндірістік тапсырмаларды орындау арқылы кәсіби дағдыларын дамытуда.

✅ Студенттер «Мал және өсімдік шаруашылығын механикаландыру» және «Жаңа технологиялар және машиналар жүйесі» зертханаларында болып, конструкторлық-эксперименталдық бөлімнің жұмысымен танысты. Бұл зертханаларда заманауи техника мен технологияларды талдап, жаңа машиналардың конструкциялық ерекшеліктерін зерттеу мүмкіндігіне ие болды. Жетекші докторанттар студенттерге мал азығын дайындау және таратуға арналған машиналар бойынша жаңа ғылыми зерттеулер мен талдамаларды түсіндірді.

✅ Мұндай практикалық іс-шаралар болашақ инженерлердің теориялық білімдерін өндірістік ортада жетілдіріп, кәсіби қалыптасуына үлкен ықпал ететінін тәжірибе көрсетіп отыр.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник