ИЗРАИЛДІК АVNON АКАДЕМИЯСЫ МЕН ҚАЗҰАЗУ ӘРІПТЕС БОЛУДЫ ҚОЛДАЙДЫ
2023 жылғы 10 қаңтарда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Басқарма төрағасы - Ректордың орынбасары Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы Аvnon Academy (Израиль мемлекеті) стратегиялық қатынастар департаментінің басшысы Илона Дроздовамен онлайн – кездес өткізді. Кездесуге сондай-ақ, ҚазҰАЗУ халықаралық зерттеу орталығы – Су хабының басшысы Рябцев Анатолий Дмитриевич қатысты.
Тараптар Авнон Академиясы мен ҚазҰАЗУ арасындағы әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады. Академия Израильдің жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен және оқу орталықтарымен үнемі байланыста қызмет жасайтын, аса ірі AVNON HLS Group компаниясының еншілес кәсіпорны Avnon Holdings құрамына кіреді. Академия су мәселесі, аграрлық технология, азық-түлік технологиясы бойынша тренингтер өткізеді және мамандарға ауыл шаруашылығы саласына енгізу үшін жаңа идеялар ұсынады. Сонымен бірге, озық оқыту әдістері мен ғылыми зерттеулердің тәжірибесін біріктіретін инновациялық білім беру платформасын жасап, ұсынады.
«Қазіргі заманғы технологиялық және капиталды қажет ететін ауыл шаруашылығы жобасы – бұл аса күрделі және табысты сала. Біз осы саладағы израильдік инновациялар негізінде жасалған бағдарламаларымызды білім тарату мүмкіндіктерімізбен біріктіре отырып, серіктестерімізге жан-жақты жаңа шешімдер ұсына аламыз. Мысалы, бюджетті жоспарлау мен жабдықтарды сатып алудан бастап, ауыл шаруашылығы нысандарын пайдалануға дейінгі процестер бойынша кәсіптік оқытуға дайынбыз", - деп атап өтті Илона Дроздова ханым.
Өз кезегінде, ҚазҰАЗУ басшылығының атынан сөйлеген Пірімқұл Ибрагимов израильдік әріптесінің идеясын қолдап, екіжақты ынтымақтастықты күшейту қажеттілігін атап өтті.
«Бұл қадам бізге жоғары израильдік технологияларды меңгеріп, өндіріске енгізуге маманданған білікті зерттеушілер тобын еліміздегі инновациялық кластерге әкелуге мүмкіндік береді. Бұл ретте ҚазҰАЗУ – жаңа бастамаларды енгізу үшін сенімді серіктес болып табылатынына сендіреміз. Сондықтан, біз Авнон Академиясымен бірнеше бағытта, соның ішінде ғылыми-білім беру саласында ынтымақтасуға дайынбыз", - деп атап өтті Пірімқұл Шолпанқұлұлы.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.