ҚазҰАЗУ-де IMPROvE _AGRO ERASMUS+ халықаралық жобасы аясында семинар өтті
2023 жылғы 20-26 ақпанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті базасында ERASMUS+ «Ағылшын тілін оқыту арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы магистрлік бағдарламаларды интернационализациялау» (IMPROvE _AGRO) 609563-EPP-1-2019-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP. Семинар бірлескен модульдерді әзірлеу теориясы мен практикасына арналды: Erasmus+ IMPROvE_AGRO жобасы.
Семинарға Фрайбург педагогикалық университетінің (Германия), Астон университетінің (Ұлыбритания), Моңғол жаратылыстану ғылымдары университетінің, Моңғол Ұлттық университетінің (Моңғолия), Тюмень мемлекеттік университетінің (Ресей), Торайғыров университетінің (Қазақстан) өкілдері қатысты.
Improve_agro жобасының жетекшісі, доктор Матиас Хутц (Фрайбург педагогикалық университеті) бастапқыда жобаның барлық басым бағыттарын анықтап, әр қатысушыға нақты тапсырмалар берді.
Бекітілген кестеге сәйкес, бірінші күні қатысушылар «Орман және ауыл шаруашылығындағы негізгі модульдерді жаңғырту құралдары» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел барысында барлық қатысушылар орман және ауыл шаруашылығындағы қолданыстағы білім беру бағдарламаларын жаңғырту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті және ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Бес күн ішінде семинарға қатысушылар төмендегі бағыттар бойынша белгілі бір модульдер әзірледі:
Модуль 1. Ормандарды тұрақты басқару;
Модуль 2. Орман су алабын басқару;
Модуль 3. Қалалық орман шаруашылығын жоспарлау;
Модуль 4. Ормандарды көп мақсатты түгендеу;
Модуль 5. Дендроэкология;
Модуль 6. Бірнеше аймақтарда ағаш отырғызу технологиясы.
Семинар жұмысының нәтижелері бойынша әрбір модульдің жобасы жеке таныстырылды және оларды іске асыру бойынша одан арғы міндеттер айқындалды.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі