ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ КӨЗДЕЛІП ОТЫР
Бұл ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының Вице-президенті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Ақылбек Күрішбаевтың ҚР ҰҒА «Агробиоресурстар және экология» ғылым бөлімінің жас ғалымдарымен офлайн/онлайн форматында өткен кездесуінде айтылды.
Университет басшысы өз сөзінде қазіргі уақытта отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде енгізілмейтінін, өйткені көптеген ғылыми әзірлемелер коммерцияландыру сатысына жетпейтінін атап өтті.
«Бүгін мұнда жаңаша ойлау мен даму парадигмасы, өз жетістіктері мен жетістіктері бар, жоғары оқу орындарының ең креативті жас ғалымдары мен ҒЗИ-дың жетекші мамандары жиналды. Сіздермен ғылымда, білім беруде және өндірісте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, сондай-ақ АӨК-індегі биотехнологияны, инновацияларды пайдалану мәселелерін талқыламақпыз. Сіздер ғылыми әзірлемелер мен зерттеулердің жаңа әдістерін жақсы меңгеріп қана қоймай, олардың нәтижелерін өндіріс процесіне енгізе білесіздер. Өз салаларыңыздағы жұмыс тәжірибелерңіз бен жетістіктеріңізді ортағас алып, ғылым деңгейін көтеру бойынша кеңестеріңізбен бөлісіңіздер»,- деді Ақылбек Қажығұлұлы.
Қазақстандық ғылымның болашағы жас кадрлардың дайындықтарының биіктігімен өлшенеді. Жаңа құрылған академияныі басты миссиясының бірі – ол жас ғалымдардың мүддесі мен қызметін қолдау.
Іс-шара барысында жас ғалымдардың инновациялық әзірлемелерін, идеялары мен озық жетістіктерін қолдау мәселелері көтерілді. Аграрлық кешенді дамытуға, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізуге ықпал ететін ҚР ҰҒА, жетекші ЖОО, ҒЗИ және ғылыми зертханалардың бірлескен жұмысын күшейту бойынша ұсыныстар айтылды. ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА «Агробиоресурстар және экология» басқармасының басшысы, ҚазҰАЗУ жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы Қуантар Әлихановқа барлық ұсыныстарды егжей-тегжейлі зерделеу тапсырылды.
Кездесу өте жылы және сындарлы жағдайда өтті. Жас ғалымдар ашық диалог ұйымдастырған ҚР ҰҒА мен ҚазҰАЗУ басшылығына ризашылықтарын білдіріп, ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша белсенді жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.
Кездесуді қорытындылай келе, Ақылбек Күрішбаев жас ғалымдардың қойған барлық сұрақтарына жауап беріп, бірлескен қызметтеріне табыс тіледі.
ҚР Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті А.Күрішбаев жаңа оқу жылының басында жас ғалымдардың Республикалық форумын ұйымдастыруды ұсынды.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі