KazNARU

«Өзімнің ойыным: жануарлар физиологиясы» зияткерлік ойыны

2023 жылғы 1 желтоқсанда Н.О.Базанова атындағы "Физиология, морфология және биохимия" кафедрасының профессорлық-оқытушылар және ВМ 22-08-07 топтарының ұйымдасуымен ветеринариялық медицинаның II курс студенттері арасында «Өзімнің ойыным: жануарлар физиологиясы» зияткерлік ойыны өткізілді.

Іс-шараның мақсаты мамандықты насихаттау және пәнге деген қызығушылықты арттыру, ситуациялық тапсырмаларда ойлау қабілеті, студенттер арасындағы қарым-қатынас, білім шеңберін кеңейту және топта  жұмыс істеу болды.

Іс-шараға 3 студенттен  - 4 топ қатысты.

Викторина екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде студенттер «Своя игра» атты ойын стиліндегі таңдалған санаттарға жауап беріп, ұпай жинады.

Екінші кезенде студенттер бейнетақтадағы терминдерді көре тұрып, тақтаның алдында қарсы тұрған студентке тез уақытта сол сөзді түсіндіруі қажет болды.
            Соңғы кезеңнен соң, студенттердің ұпай саналып, ВМ-08 студенттері 1 орын және 3 орынға иә болды. Ал ВМ-07 студенттері 2-ші және 4-ші орынға ие болды. Жеңімпаздарға пайдалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.

 

Ұйымдастырушы:   Оқытушы Өтебаев Ж.М.,

Ветеринария факультетінің ВМ 22-07Р, 22-08Р топ студентте

---------Chatbot---------
виртуальный помощник