KazNARU

ҚазҰАЗУ-де 2023-24 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы басталды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде қысқы сессияның өткізілу барысы алдын-ала бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес дәстүрлі форматта бастау алды.

✅ Бірінші курстан басқа студенттердің барлығы және 2 курс магистранттарының жаппай қысқы емтихандарын тапсыру сәті үлкен ұйымшылдықпен өтуде.

Білім алушылардың тағдырын шешетін қабылдаушы профессор-оқытушылар мен сынақ тапсырушылардың жауапкершілігі де өте жоғары деңгейде.

✅ «Университеттегі емтихан халықаралық стандартқа сай сәтті өткізілу үшін барлық жағдайлар жасалынып, академиялық адалдық қағидаларын сақтау басты назарда ұсталады», - дейді «Агробиология» факультетінің деканы, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Ержан Абилдаев.

Сынақ тапсырушы барлық білім алушыларға сәттілік тілейміз!

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник