KazNARU

20-21 желтоқсанда 8D091 Ветеринария бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғаулар өтті

2023 жылғы 20 желтоқсанда сағат 14:30 және 16:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Тореханов Мерей Айбыновичтың «Ірі қара мал некробактериозын емдеу және диагностикалауда инновациялық тәсілдерді қолдану» тақырыбындағы «8D09101 – Ветеринариялық  медицина» білім беру бағдарламасы бойынша және Аккозова Ардак Сабыржановнаның ««Цеобалык» пребиотигі қосылған қоспа жемді қолдану арқылы өсірілген Кларлық жайынды (Clarissa gariepinus) ветеринариялық санитариялық сараптау және бағалау» тақырыбындағы 6D120200 - «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларын қорғау өтті.

8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №5 хаттамасы негізінде Тореханов Мерей Айбыновичке және №6 хаттамасы негізінде Аккозова Ардак Сабыржановнаға философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.

 

2023 жылғы 21 желтоқсанда сағат 14:30-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Айткулова Аяулы Мухаметкалиевнаның «Ірі қара бруцеллезіне  қарсы B.abortus 19  штаммы  вакцинасын  конъюктиваға егу тәсілінің иммунологиялық тиімділігі» тақырыбындағы «6D120100 - Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау өтті.

8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №7 хаттамасы негізінде Айткулова Аяулы Мухаметкалиевнаға философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.

 

 


---------Chatbot---------
виртуальный помощник