ҚазҰАЗУ-дың 16 ОҚЫТУШЫСЫ «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
2023 жылғы 19 шілдеде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы - Ректордың бірінші орынбасары Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы Сәкенов Олжас Берлесұлымен кездесіп, ҚазҰАЗУ оқытушыларын «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елге тағылымдамадан өту бойынша келіссөз өткізген еді.
Соның аясында университеттің Халықаралық Кеңсесі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бірқатар оқытушыларымыз «Болашақ» бағдарламасына үміткер ретінде құжаттарын тапсырған болатын.
✅ Бүгін, 2023 жылдың 22 желтоқсанында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен бір топ қазақстандық, оның ішінде ҚазҰАЗУ-дың 16 оқытушысы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберілетін болады.
✅ Стипендиаттардың арасында инженерлік-техникалық, жаратылыстану ғылымдары, агроөнеркәсіптік кешен, геологиялық барлау, IT-сектор, креативті индустрия бағыттары бойынша мамандығын жетілдіргісі келетіндер бар.
Үмбетжанов Қайырбек Жексеналыұлы, Мусоев Асылбек Маилибайұлы, Мұхаметқалиев Айдар Қайратұлы, Мухитдинова Гульнара Ергалиқызы, Карабасова Айкен Сансызбайқызы, Құланбай Қаламқас Жаңабекқызы, Баядилова Гульсун Оңғарқызы, Мырзабаева Гулнар Азимбайқызы, Абдразаков Ерлан Бекарипұлы, сонымен қатар, жеке құжат тапсыру нәтижесінде Бердімұрат Назымгүл, Бименова Жанат, Даниял Аяулым, Таипова Айнура, Малдыбаева Айгуль, Медетбаева Салима, Тенгаева Айжан сияқты жас ғалымдардың бағы жанып, «Болашақ» халықаралық стипендиясын ұтып алды.
✅ Жұлдызы жанған әріптестерімізді құттықтаймыз және әрқашан сәттілік тілейміз!
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі