KazNARU

ҚазҰАЗУ БАЗАСЫНДА ҚЫТАЙДЫҢ СОЛТҮСТІК-БАТЫС УНИВЕРСИТЕТІ СУ ҮНЕМДЕУ СЫНАҚ АЛАҢЫН ЖАСАУҒА УАҒДАЛАСТЫ

2023 жылғы 26 желтоқсанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА Вице-президенті Ақылбек Күрішбаев Қытайдың Солтүстік-Батыс университетінің Вице-президенті Ло Цзюнь бастаған делегациямен кездесті.

Кездесуге Солтүстік-Батыс университетінің Халықаралық департаментінің директорының орынбасары  Цзоу Юфэн, Ветеринарлық медицина факультетінің деканы Ван Цзяньго және ҚазҰАЗУ жанындағы Қазақ-Қытай орталығының жетекшісі Думан Иманмади қатысты.

✅   Сиань аймағы Қытайдағы ең ірі және ауыл шаруашылық саласы өте дамыған маңызды аймақтардың бірі, әрі инновациялық технологиялық оқу орындарымен ерекшеленетін жоғары білім орталығы. Жалпы, қала мен оның айналасындағы 60-тан астам университет пен колледждердің алдыңғы қатарында 1902 жылы құрылған мемлекеттік білім беру мекемесі –  Солтүстік-Батыс университеті аталады. 

✅ ҚазҰАЗУ және  Солтүстік-Батыс университетнің басшылары бұдан бұрын да бірнеше рет, атап айтқанда, 2023 жылдың 10 сәуірінде Алматыда кездескен еді.

«Біз сол кездесуде өзара ынтымақтастықты одан ары дамыту мүмкіндіктерін қарастырып, ұзақ мерзімді перспективалы жобалар туралы ақылдасқанбыз. Бүгін сол бағыттағы жоспарларды іс жүзінде жалғастыруды мақсат етіп отырмыз. Атап айтқанда, Солтүстік-Батыс университеті су үнемдеу және сортаңдалған топырақтарды қалпына келтіру бойынша ҚазҰАЗУ базасында сынақ алаңын жасауға ниет білдіріп отыр. Біз өз тарапымыздан бұл мақсатқа тәжірибелік шаруашылық алаңынан 5 гектар алқап бөлуді ойластырмақпыз», - деді ҚазҰАЗУ басшысы Ақылбек Қажығұлұлы.

✅  Тараптар сонымен қатар, 2025 жылы «Жібек жолы ауылшаруашылық білім беру және ғылыми инновациялар альянсының» кезекті Форумын ҚазҰАЗУ базасында өткізуге уағдаласты. 

✅  Тараптар сонымен қатар, 2025 жылы «Жібек жолы ауылшаруашылық білім беру және ғылыми инновациялар альянсының» кезекті Форумын ҚазҰАЗУ базасында өткізуге уағдаласты. 

✅ Кездесу барысында халықаралық талаптарға сай,  болашақта  беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, студенттер алмасу және сапалы кадрлар даярлау мақсатында ветеринария, су, IT бағыттары бойынша екі дипломдық оқу бағдарламаларын енгізу мәселелері талқыланды. 

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі
 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник